
2025 жылы 3 қазанда Әлеуметтік Гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының «Терроризмге қарсы дайындық» орталығына біліктілігін арттыруға келген Қазақстан Республикасы ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері академия студенттерімен «Зайырлы мемлекеттегі дін мен қоғам» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг мақсаты білім алушылардың діни сауаттылығын арттыру, жас ұрпақты жауапкершілікке, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу, қоғамда керағар пікір туғызатын дәстүрлі емес діни ағымдардың әрекетімен таныстырып, деструктивті діни ағымдардың белгілері мен олардың қоғамға тигізетін кері әсері, діни экстремизмге қарсы күрес жолдары туралы ақпарат беру.
Тренинг интерактивті форматта өтті. Студенттер тақырып бойынша белсенді түрде сұрақтар қойып, пікір алмасуға қатысты. Шара діни сана мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды.






Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма