
13.10.2025 ж. күні сағат 15:00–17:15 аралығында А-атл және Шығыс жекпе-жектер кафедрасының бокс залында кафедра ұжымы бірлесе отырып ұйымдастырған шеберлік сабағы өтті. Іс-шараны Берікбол Амантайұлы мен Талғар Мұхтарұлының басшылығымен, кафедра методисті Ринат Танеков өткізді.
Сабақтың тақырыбы: «ШАҢЫРАҚ-НОМАД» атты жаңа жаттығу үрдісі.
Шеберлік сабағына 1, 2, 3-курс студенттері және /АСД/ боксшы студенттері белсене қатысып, жаттығу барысы өте қызықты және тартымды өтті. Болашақ жаттықтырушылар үшін бұл – өте маңызды және қажетті тәжірибелік сабақ болды.
Ринат Танеков шеберлік сабағында бокстағы биомеханика, қимыл-қозғалыс әдіс-тәсілдері бойынша кеңінен мәлімет беріп, нақты мысалдар арқылы түсіндіріп көрсетті.
Кафедра ұжымы толық құрамда қатысып, белсенділік танытты. Осындай шеберлік сабақтар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.















