
2025 жылдың 30 қыркүйегінде, Қазақ спорт және туризм академиясы Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырған «Белсенді ұзақ өмір сүру: тәжірибе және даму перспективалары» атты халықаралық форумға қатысты.
Академиядан Бокс, ауыр атлетика және жекпе-жек кафедрасының меңгерушісі, шығыс жекпе-жегінің жаттықтырушысы Ахмадиев Толғар Мұхтарұлы, педагогика ғылымдарының магистрі, күрес және ұлттық спорт түрлері кафедрасының аға оқытушысы, тоғызқұмалақтан жаттықтырушы Көпжанов Ғалымжан Балықбайұлы форумға қатысты.
Академия Алматының төрт университеттің қатарында «Күміс университет» моделіне негізделген біліктілікті арттыру курстарын өткізу тәжірибесін ұсынды: Компьютерлік сауаттылық; Туристік- экскурсиялық қызметтегі инновациялар; Тоғызқұмалақ ойынының теориясы мен тәжірибесі; Дене шынықтыру мен спорттың медициналық- биологиялық негіздері; Жекпе-жектегі тыныс алу жаттығуларының ерекшеліктері (каратэ, цигун, тайчи); Зияткерлік ойындар теориясы және практикасы. Шахматы; Жаңа тіл – жаңа қуат.
Форум қарттарды әлеуметтік қолдаудың, ұзақ өмір сүрудің өзекті мәселелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға, озық тәжірибені енгізуге арналған халықаралық алаңға айналды.








Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма