Дөңгелек үстел «Жасанды интеллект – жоғарғы оқу орындарының цифрлық трансформациясының негізі

2025 жылғы 29 қыркүйекте Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен студенттерге арналған «Жасанды интеллект – жоғарғы оқу орындарының цифрлық трансформациясының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шарада жасанды интеллект технологияларының білім беру саласына енгізілуі, олардың артықшылықтары мен тәуекелдері талқыланды. Студенттер заманауи цифрлық шешімдердің маңызы туралы тың деректер алып қана қоймай, өз көзқарастарымен де бөлісті. Әр студент жеке пікір білдіріп, оқу процесін жетілдіруге қатысты идеялар ұсынды.

Дөңгелек үстел нәтижесінде студенттердің цифрлық құзыреттілігін дамыту қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар, оқу бағдарламаларына жасанды интеллектке байланысты элективті пәндерді енгізу, оқытушылардың біліктілігін арттыру семинарларын ұйымдастыру және университет деңгейінде инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар жасалды.

Жауапты оқытушылар:

  • кафедра меңгерушісі, магистр Ибраимова А.А.
  • ф.м.ғ.к., аға оқытушы Утеуова Н.Ж.
  • магистр, аға оқытушы Дауренбекова А.Т.
  • оқытушы Бодесова А.Е.

Дөңгелек үстел студенттердің белсенді қатысуымен өтті. Әрбір студенттің пікір айтуы іс-шараның мазмұнын байытып, жасанды интеллект тақырыбына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті.

DSC08726 DSC08708

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма