
2025 жылдың 19 тамызында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматы қаласының тұрғындарымен ашық кездесу өткізді. Бас қосу Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында өтті.
Бұл маңызды жиынға қала тұрғындары, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен белсенді жастар қатысты. Кездесуде жоғары білім мен ғылымды дамыту, цифрландыру, жасанды интеллект, студенттердің әлеуметтік жағдайы және жастарды қолдау тақырыптары талқыланды.
🔹 Министр студенттер санындағы демографиялық өсімге тоқталып, алдағы жылдары ЖОО инфрақұрылымын дамыту мен халықаралық платформалармен серіктестікті күшейту қажеттігін атап өтті.
🔹 Алматыда ашылған Ахуалдық орталық арқылы кез келген студент жатақханаға қатысты тәулік бойы көмек ала алатыны айтылды.
🔹 Сондай-ақ, академиялық ұтқырлық, жас ғалымдарды қолдау, жаңа жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асуы туралы ақпараттар ұсынылды.
Осы кездесуге Қазақ спорт және туризм академиясы атынан тәрбие және спорт жұмысы жөніндегі проректор Есқалиев Мұхтар Зайнолдаұлы қатысып, талқылауларға белсенді араласты.
👉 Мұндай кездесулер ғылым мен білім саласын дамытудағы ашықтық пен диалогтың айқын көрінісі болды.









Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма