
XXXII-ші Дүниежүзілік Универсиададан оралған таэквандодан Қазақстанның аралас құрамасын салтанатты түрде қарсы алдық!


Бүгін Алматы әуежайында Германияның Рейн-Рур қаласында өтіп жатқан XXXII-ші Дүниежүзілік жазғы Универсиададан таэквондодан жүлдемен оралған Қазақстан құрамасын зор қошеметпен қарсы алдық. Бұл құрамда біздің Академиямыздың студенттері де бар – олар ел намысын абыроймен қорғап, қола медальдар еншіледі! 

Музыкамен, жылы ықыласпен, қуанышқа толы көңіл-күймен өткен бұл қарсы алу сәті спортшылар үшін де, біз үшін де – үлкен тарихи сәт.
Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар мен ата-аналар! Сіздерге алғысымыз шексіз – Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында көк байрағымыз халықаралық аренада биікте желбіреді.
Ерең еңбектеріңіз бен жеңістеріңіз – жастар үшін үлкен шабыт, ел үшін зор мақтаныш!
Қазақ спорт және туризм академиясы – чемпиондар ордасы!







Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма