
2025 жылдың 01 – 31 мамыр аралығында Қазақ спорт және туризм академиясында «Күміс университеті» бағдарламасы аясында үлкен жастағы адамдардың біліктілігін арттыру курстары өтті.
36 сағат көлемінде, 59 тыңдаушыларға жеті курс өткізілді: «Компьютерлік сауаттылық» – Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы; «Тоғызқұмалақ ойынының теориясы мен тәжірибесі» – Күрес және ұлттық спорт түрлері кафедрасы; «Дене шынықтыру мен спорттың медициналық- биологиялық негіздері» – Анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасы; «Жекпе-жектегі тыныс алу жаттығуларының ерекшеліктері (каратэ, цигун, тайчи)» – Бокс, ауыр атлетика және шығыс жекпе-жек өнері кафедрасы; «Зияткерлік ойындар теориясы және практикасы, Шахмат» – Спорттық ойындар кафедрасы, «Туристік -экскурсиялық қызметтегі инновациялар» – Туризм және сервис кафедрасы, «Жаңа тіл – жаңа қуат» – Қазақ, орыс және шетел тілдер кафедрасы.
Бағдарламаның игерудің соңында курс тыңдаушыларының, кафедра меңгерушілерінің, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өкілдерінің қатысуымен, алғыс пен құттықтау сөздерімен, сертификаттарды салтанатты табыстау рәсімі өтті.








