Тұрсынбек Зейнеп Азия Чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

2025 жылдың 13-20 сәуір аралығында Өзбекстан мемлекетінің Ташкент қаласында самбо күресінен жастар арасында Азия Чемпионаты өтті. Аталған байрақты бәсекеде Ұлттық спорт және туризм академиясының “Дене шынықтыру және күрес” кафедрасының студенті Тұрсынбек Зейнеп жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол өзінің шеберлігінің арқасында күміс жүлдегер атанып, еліміздің абыройын асқақтатты.

Тұрсынбек Зейнептің келесі басты жарысы — Индонезияда өтетін Әлем Чемпионаты.

Жас спортшымызға алдағы жарыста сәттілік тілейміз!

WhatsApp Image 2025-04-21 at 12.52.50 WhatsApp Image 2025-04-21 at 12.52.47

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма