
Қазақ спорт және туризм академиясында Үйлестіру-консультативтік ғылыми кеңес (ҮКҒК) жұмыс істейді, оның міндеті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қатысты мәселелерді қарау, сондай-ақ докторанттар мен магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметін бақылау және талдау болып табылады.
2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептеріне арналған ҮКҒК отырыстары өткізілді, сонымен қатар қысқы қабылдаудың магистрлік және докторлық диссертацияларының тақырыптары қаралып, талқыланды.
Хаттамалық шешімде жеке диссертация тақырыптарына техникалық түзетулер енгізу бойынша ұсыныстар, сондай-ақ Академияның Ғылыми кеңесінде 2025 жылғы қысқы қабылдаудың бірінші курс магистранттары мен докторанттарының тақырыптарын бекіту туралы ұсыныстар берілді.