
2025 жылғы 11 наурызда Мемлекет басшысы Ұлттық Ғылым және технологиялар кеңесінде сөз сөйледі. «Ғылымды дамыту – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар басымдық. Әсіресе дарынды, қабілетті жастардың ғылыммен айналысуына жағдай жасау өте маңызды», – деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ғылымды дамыту – Қазақстан үшін басты басымдықтардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғылыми зерттеулерді қаржыландыру ұлғайтылды, ғылыми ұйымдар жаңғыртылуда, сондай-ақ шетелде тағылымдамалар саны артуда, бұл ғылымды жастар үшін тартымды етеді және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және зерттеу инфрақұрылымын нығайтуға ықпал етеді.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/953980?lang=kk