ШЕТЕЛДЕ «500 ҒАЛЫМ» ТАҒЫЛЫМДАМАСЫНАН ӨТУДІ АРМАНДАЙСЫЗ БА?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс – қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында озық ғылыми технологияларды трансферттеу мақсатында жыл сайын 500 ғалымның әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Ғалымдар үшін тағылымдама жетекші шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтар мен салалық ұйымдарда ғылыми, ғылыми-техникалық кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының мемлекеттік тапсырысшысы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі болып табылады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы бағдарламаның әкімшісі болып табылады. Үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру және өткізу, ғылыми тағылымдама бағдарламасының орындалуын және конкурс жеңімпаздарының еңбекпен өтеуді жүзеге асыруын бақылау бойынша іс-шаралар кешенін іске асырады.

Ғылыми тағылымдама жетекші шетелдік жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтарының және ғылми тағылымдамадан өтуге ұсынылатын өзге де ұйымдарының тізіміне кіретін шетелдік ұйымдарда ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізіміне сәйкес жүргізілетін ғылыми зерттеудің аясында 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

Ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және мынадай шығындарды өтеуді қамтиды:
  визаны рәсімдеу, ұзарту (консулдық алым);

  ғылыми тағылымдамадан өту;

  ғылыми тағылымдамадан өтуші елдің, жетекші шетелдік жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және конкурс жеңімпазының ғылыми тағылымдамадан өтуін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың тапсырысы бойынша міндетті қызметтер;

  тұру, тамақтану және ғылыми әдебиеттер сатып алу;

  міндетті медициналық тексеруден өту;

  медициналық сақтандыру;

  ғылыми тағылымдамалар тағайындалғаннан кейін Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерінен ғылыми тағылымдамадан өту орнына дейін және кері қайтуға жол ақысы;

  ғылыми тағылымдамадан өту бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар бойынша олардың міндеттемелерін орындауға байланысты шетелдік әріптестердің шығыстары.Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін тағылымдамадан өтушілер соңғы 12 айда тұрақты табысы бар 50 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын екі кепілгерді ұсынады.

 

Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлерге қойылатын талаптар

 

1) ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің, философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор, магистр дәрежесінің болуы;

2) заңды тұлға болып табылатын аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінде ғылыми зерттеу бойынша таңдаған мамандану саласында соңғы 12 (он екі) ай үзіліссіз жұмыс өтілінің болуы;

3) жүргізілетін ғылыми зерттеуге сәйкес ғылыми тағылымдамаға үміткерді қабылдайтын, Тізімге кіретін шетелдік ұйымның шартсыз шақыруының болуы;

4) жұмыс органы белгілеген талаптарға сәйкес деңгейде мемлекеттік және шет тілдерін білуі; – жүктеу үшін басыңыз

5) ғылыми нәтижелердің (Web of Science, Scopus халықаралық дерекқорларында немесе отандық немесе білім және ғылым саласында бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган ұсынған шетелдік ғылыми басылымдарда индекстелетін мақалалар немесе шолулар) және (немесе) Патент Корпорейшн Трэти (Patent Cooperation Treaty) халықаралық өтінімінің болуы.

 

2023 жылға арналған шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және (немесе) ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын ұйымдардың тізімі

https://bolashak.gov.kz/kz/ym%D1%96tkerge-ns-bojynsha/zhoo-lar-gylymi-ortalyktar-yjymdar

Ғылыми тағылымдамадан өту үшін ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізбесі

https://bolashak.gov.kz/storage/app/media/500%20uchennye/dokumenty/pps%20qz.pdf

 

Қажетті құжаттар

 

  • Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған конкурсқа қатысу үшін толтырылған үміткер анкетасы; жүктеу– жүктеу үшін басыңыз
  • жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнының сақталуы шартымен жұмыс берушінің ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған өтінімі; жүктеу– жүктеу үшін басыңыз
  • паспорты мен жеке куәлігінің түпнұсқалары және көшірмелері (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
  • ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің, философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор, магистр дәрежесінің болуы туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады).
    Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда білімі туралы құжатты тану куәлігін не “Білім туралы” Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктер ескеріліп білімі туралы құжатты тану жөніндегі өзге құжат;
  • жұмыс органы белгілейтін талаптарға сәйкес жасалып, жұмыс беруші бекітетін және тізімге кіретін тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйыммен келісілген ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы. Құжат мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады. жүктеу– жүктеу үшін басыңыз
  • еңбек қызметін растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңінде аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
  • нәтижесі белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
  • нәтижесі белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады); жүктеу– жүктеу үшін басыңыз
  • шетелге шығатындар үшін 072/у нысандағы медициналық анықтама;
  • үміткерді тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның шартсыз шақыруын растайтын, жүргізілетін ғылыми зерттеу, ғылыми тағылымдамадан өту мерзімі, құны (толық есептеулері жазылған) көрсетілген құжат, мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады
  • жұмыс беруші бекіткен ғылыми нәтижелердің тізімі (Web of Science, Scopus халықаралық дерекқорларында және (немесе) отандық немесе уәкілетті орган ұсынған шетелдік ғылыми басылымдарда индекстелетін мақалалар немесе шолулар) және (немесе) Патент Корпорейшн Трэти (Patent Cooperation Treaty) халықаралық өтінімі;
  • ғылым саласындағы уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы жарамды ресми куәліктің көшірмесі;
  • құжаттарды үшінші тұлға тапсырған жағдайда – конкурстық іріктеуге қатысуға құжат тапсыру үшін өкілдің атына берілген үміткерден нотариалды куәландырылған сенімхат.

 

Құжаттарды тапсыру мерзімі

Сәуір айында жарияланады.

«500 ғалым» бағдарламасы туралы қосымша ақпаратпен bolashak.gov.kz сайтында танысуға болады.

Close