Без рубрики
Академия қабырғасында «Отбасы институты» дәрісі өтті

22 қараша күні, Қазақ спорт және туризм академиясының конференц залында Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы қолдауымен, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы құндылықтарын арттыру, жастар арасында отбасы институтын нығайту, жастарға көмек көрсету мақсатында «Отбасы институты» жобасын жүзеге асырып дәріс өткізілді. Дәрісті Кушкенова Айгуль Избасаровна психолог-маманы жүргізді. Дәріске Қазақ спорт және туризм академиясы, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы, Қайнар Академиясы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері қатысты.






Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма