Без рубрики

2022-жылдың 21-22-қазан аралығында Қабден Рахманқұлұлы Байдосовты еске алуға арналған XXV «Күрес түрлерінен фестиваль» өтті.

Қабден Рахманқұлұлы Байдосовты еске алуға арналған XXV «Күрес түрлерінен фестиваль» өтті.
Ұлттық спорт түрлері және Күрес кафедрасының ұйымдастыруымен 2022-жылдың 21-22-қазан аралығында Қабден Рахманқұлұлы Байдосовты еске алуға арналған «Күрес түрлері фестивалі» өтті. Қабден Байдосов ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚазКСР еңбек сіңірген қайраткері. КСРО спорт шебері. 1934 жылы Семей облысының Георгиевка ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Алматыға келіп, Қазақ дене шынықтыру институтына шаңғы спорты кафедрасына оқуға түсті. Екінші курста күреске бөліміне ауысты. Қазақстандағы еркін күрестен КСРО-ның алғашқы спорт шебері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, көптеген одақтық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 1957 жылы дене шынықтыру институтын бітіріп, Қабден Байдосов күрес кафедрасында оқытушы болып еңбек жолын бастап, бертін келе кафедра тізгінін қолға алған. Онда еркін күрес бойынша мамандандыру курсын жүргізді және жаттықтырушылық қызметпен белсенді айналысты. Студенттері дзюдо, самбо, еркін, қазақ күресі, грек-рим күрес түрлері бойынша сайыстарға қатысты. Елімізде және шетелдерде күрес түрлерінің дамуына орасан үлес қосты.
«Күрес түрлері фестивалін» жыл сайын ұйымдастыруға ҚазСТА басшылығы және Қ.Байдосовтың туған- туыстары ат салысып жүр.
Жыл сайын өткізілетін «Күрес түрлері фестивалінде» қазақ спортының жарық жұлдыздары: Алмат Кебиспаев, Асхат Дильмухамедов, Ануар Сариев, Даулет Теміржан сынды Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен Әлем Чемпиондары, спорт ардагерлері қатысып академия студенттеріне өздерінің тәжерибелерімен бөлісті. Биылғы фестивалде ҚазСТА-ның спорттық-көрініс залында күрестің әр түрінен Қазақ спорт және туризм академиясы және Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университетінен келген 100-ден аса студенттер еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, белбеу күресі, самбо және қазақ күресінен палуандар өз өнерлерін ортаға салды. Осы жылғы ерекшеліктердің бірі Ұлттық спортымызды ұлықтау мақсатында тоғызқұмалақ ойыны жарыс жоспарына қосылды.
Қ.Р.Байдосовтың әріптестері, туған-туысы және Ұлттық спор түрлері және күрес кафедрасы оқушылары «Күрес түрлерінен фестивалді» жоғары дәрежеде өтуге бар ынтасын салды. Көрермендер мен қатысушылар өткен күндерді еске ала отырып, палуандар шеберлігін тамашалап, қолдау көрсетті.
312238411_815972279521803_1061364545509196788_n
311598539_815972112855153_3430149149808245194_n 312052199_815971932855171_7643845088556860616_n 312352791_815971786188519_4775984807577811843_n 312376554_815972016188496_2903463578021567286_n 306332137_815971922855172_321221743784601591_n 311736004_815972009521830_98879261869061214_n 311567213_815972129521818_7104355885458502470_n 312244032_815972282855136_8861917247791770735_n 311565027_815972209521810_4438935047785138094_n 312214211_815972199521811_1458826849866050982_n 311706569_815971862855178_7736815025570978500_n 312105603_815971849521846_6029344558627021646_n

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close