Без рубрики

Хабарландыру

Құрметті «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының              2 және 3 курс студенттері !!!

Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі Польшаның Быдгощ қаласындағы «Экономика жоғары мектебі» серіктес жоғары оқу орнында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға 2 кандидатты іріктеу бойынша байқау өткізілетіні туралы хабарлайды.

Оқу кезеңінде студенттерге «Судағы құтқарушы», «Дайвинг», «15 м дейінгі мотор катерлерін басқару» бағыттары бойынша қосымша оқыту курстарынан өту және халықаралық деңгейдегі лицензияны алу мүмкіндігі беріледі. Осы лицензиямен одан әрі 1000 евродан басталатын жалақыда кәсіби қызмет ету мүмкіндігіне ие бола алады.

«Экономика жоғары мектебінде» Быдгощ қаласы (Польша)  оқу шарттары:

  • Оқыту тілі: ағылшын.
  • Оқу мерзімі – 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрі (қаңтар-маусым,  2022 жыл).

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. ҚазСТА «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының күндізгі бөлімінің 2 және 3 курс студенттері;
  2. ҚазСТА-да үміткердің оқу бағдарламасы бойынша берешегі болмауы тиіс;
  3. Үлгерімнің орташа балы (GPA) – кемінде 3,5;

4.Ағылшын тілін меңгеру деңгейі: Intermediate деңгейінен  төмен емес (IELTS, TOEFL растайтын сертификаттары, бар болған жағдайда);

  1. Білім беру және ғылыми қызмет бойынша жетістіктердің болуы.

 

Құжаттар тізімі:

  1. Үлгі бойынша өтініш;
  2. Транскрипт;
  3. Фото 3х4 формат (4 дана);
  4. Шетелдік паспорттың көшірмесі;
  5. Жеке куәлік көшірмесі;
  6. Грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері (бар болса);
  7. Шет тілін меңгергендігін растайтын IELTS, TOEFL сертификаттары (бар болса).
  • Оқу ақысы «Экономика жоғары мектебі» есебінен жүргізіледі (Быдгощ қ., Польша)
  • Тұру шығындары, ұшақ билеті, визалық қолдау студенттің есебінен.

 

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі – Сембаева Алия Амантаевна, академиялық ұтқырлық бойынша маман.

2 қабат, 222 кабинет

Тел. +8 (727) 292 68 84

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close