Без рубрики
Мисс-КазСТА 2021
14 мамыр күні Қазақ спорт және туризм академиясында онлайн форматта “Мисс КазАСТ -2021” сұлулық байқауы өтті. Олимпиадалық спорт факультеті, кәсіби спорт және жекпе-жек факультеті және туризм факультеттерінен талантты да сұлу бойжеткендер бақ сынады. Онлайн форматта өткізілген сұлулық байқауы төрт кезеңнен тұрды: өзін-өзі таныстыру, шығармашылық өнер, қолөнер, сұрақ-жауап.
Әділ-қазылар алқасы:
– ғылым және стратегиялық даму проректоры Құлбаев Айбол Тінәлұлы;
– Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Есқалиев Мұхтар Зайнолдаұлы;
– Президенттің баспасөз қызметінің басшысы Бейсебаева Алия Ерланқызы;
– Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері кафедрасының оқытушысы Көпжанов Ғалымжан Балықпайұлы.
Барлық кезең бойынша Кәсіби спорт және жекпе-жек факультетінің 2 курс студенті Нүсіпбек Гаухар Алтайқызы “Мисс КазАСТ -2021” байқауының жеңімпазы атанды.
Номинация иленген аруларымыз:
Аухинова Аида Аргыновна ФТ 2 курс – «Мисс Очарование – 2021»
Ертисова Роза Нагашбековна ФПСиЕ 1 курс – «Мисс Талант – 2021»
Талгат Даяна ФПСиЕ 1 курс– «Мисс Дружелюбие – 2021»
Байсеит Асем Жумадиловна ФПСиЕ 2 курс– «Мисс Индивидуальность – 2021»
Бухпабаева Лаура Ардаковна ФПСиЕ 1 курс – «Мисс Грация – 2021»
Аруларымыз ақшалай сертификаттармен және грамоталармен марапатталды.
Барлық жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!