Без рубрики

«Дене мәдениетінің теорисы мен әдістемесі» пәні бойынша XII Республикалық олимпиад

2020 жылдың 14 мамыр күні Қазақ спорт және туризм академиясының «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасы онлайн форматта Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының 6В01401 – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенттері арасында «Дене мәдениетінің теорисы мен әдістемесі» пәні бойынша XII Республикалық олимпиадасы өткізілді.

Командалар «Студенттік спорттың дамуы: жас зерттеушілер көзқарасы» тақырыбында ғылыми-зерттеушілік жобаларының нәтижесін ұсынды.

Қатысқан командалар төмендегідей:

Ғылыми-зерттеу жұмыс нәтижелерін қазақ тілінде ұсынған комнадалар:

1. Қазақ спорт және туризм академиясы
2. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік аймақтық университеті
3. С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университті
4. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
5. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
6. М. Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті
7. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
8. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
9. Л.Н. Гумилев ат.Еуразия Ұлттық Университеті

Ғылыми-зерттеу жұмыс нәтижелерін орыс тілінде ұсынған комнадалар:

1. Қазақ спорт және туризм академиясы
2. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
3. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
4. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
5. М. Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті
6. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Ғылыми жобалар міндеттелгендей жоғары деңгейде орындалып, ғылыми-зерттеу жобаларына қойылған талаптарға сәйкес жазылып, қорғалғаны олимпиада деңгейінің жоғары өтуіне ықпал етті.

Қазақ спорт және туризм академиясының басшылығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін Қазақстан Республикасы ЖОО 6В01401 – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенттері арасында «Дене мәдениетінің теорисы мен әдістемесі» пәні бойынша XII Республикалық олимпиададағы жеңісімен құттықтайды.

Барлық қатысушыларымызға алдағы уақытта ғылым, білім беру, спорт қызметтері саласында сәттіліктер тілейміз!

 

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close