ОЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ
Олимпиадалық спорт факультеті жоғары білім берудің мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт», 6B01404 «Фитнес және рекреация», 6В01403 «Бейімдік дене шынықтыру және спорт» бакалавриатының негізгі білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.
Бакалавриат бағдарламасын игерген түлектердің кәсіби қызметі дене шынықтыру саласында, спорт, қимыл қозғалыс рекреациясы және оңалту, салауатты өмір салтын насихаттау, басқару саласы, ғылыми-зерттеу жұмыстары, орындаушылық шеберлік салаларында білім беруді қамтиды.
Факультетте білім беру күндізгі оқу бөлімі бойынша жүзеге асырылады. Бағдарламаны күндізгі оқу бөлімі бойынша игеру мерзімі 4 жылды құрайды.
Бакалавриат бағдарламасын меңгерген факультет түлектері дайындалатын кәсіби қызмет түрлері:
- педагогикалық (негізгі қызмет түрі);
- жаттықтырушылық (негізгі қызмет түрі);
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- ғылыми-зерттеу (негізгі қызмет түрі).
Факультет түлектері барлық салаларда спорт түрлері бойынша (БЖСМ, спорт клубтары, дене шынықтыру ұжымдарының секциялары, балалар-жасөспірімдер спорт клубтары, ОДО, ШЖСМ, құрама командалар) жаттықтырушы болып жұмыс істейді; жалпы білім беретін орта мектептерде, гимназияларда, лицейлерде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, дене қозғалысын ұйымдастырушылар мен басқарушылар (спорт мектептерінің директорлары, спорт комитеттерінің қызметкерлері, спорт федерацияларының қызметкерлері) әрдайым сұранысқа ие.
Факультетте оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған. Осы мақсатта оқу үрдісінің мазмұны үнемі жетілдіріліп отырады, компьютерлік технологиялар оқу және оқу үрдісіне енгізіледі, студенттер ойлаудың зерттеу стилін қалыптастырады, заманауи ақпараттық технологияларды игереді, кәсіби педагогикалық практиканың формалары мен мазмұнын жетілдіреді.
Бізде сіз дене шынықтыру және спорт бакалавры және магистрі дәрежесін ала аласыз, бұл мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Оқу жұмыстарынан басқа факультет студенттері тәрбиелік, спорттық және бұқаралық – мәдени іс-шараларға белсенді қатысады.
Олимпиадалық спорт факультетін басқарған декандар:
– 1998 жылдан биология ғылымдарының докторы, профессор Людмила Расимовна Кудашова;
– 2007 жылдың ақпан айынан филология ғылымдарының кандидаты Петр Дмитриевич Поминов;
– 2007 жылдың қараша айынан педагогика ғылымдарының кандидаты Холдар Қамбарұлы Унтаев;
– 2009 жылдың мамыр айынан педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Динара Кенжеқызы Нұрмұханбетова;
– 2011 жылдың қыркүйек айынан Рыскуль Боранқызы Лесбекова;
– 2021 жылдың ақпан айынан Рахмет Төлембайұлы Саутов;
– 2025 жылдың қыркүйек айынан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Хайрболат Саламатұлы Хайдаров
ХАЙДАРОВ ХАЙРБОЛАТ САЛАМАТОВИЧ
ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНЫ
2026 жылға арналған азаматтарды қабылдау кестесі
| Аты-жөні, лауазымы | Қабылдау күндері мен уақыты | Кабинет, қабат, телефон |
| Хайдаров Хайрболат Саламатович
Олимпиадалық спорт факультет деканы |
Түскі ас үзілісі: 13: 00 — 14: 00
Дүйсенбі: 14:30 — 16: 00 Сейсенбі: 14:30 — 16: 00 Сәрсенбі: 14:30 — 16: 00 Бейсенбі: 14:30 — 16: 00 Жұма: 14:30 — 16: 00 |
221
+7(727) 292-24-21 |
2020 жылдан бастап Қазақ спорт және туризм академиясында қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Қазақ спорт және туризм академиясының түлегі.
2021-2025 оқу жылында Қазақ спорт және туризм академиясының олимпиадалық спорт факультеті футбол кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2025 жылғы 12 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ спорт және туризм академиясының олимпиадалық спорт факультетінің деканы болып тағайындалды.
ТАЗАБЕК ЕРКЕБҰЛАН НҰРЛАНҰЛЫ
ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
2026 жылға арналған азаматтарды қабылдау кестесі
| Аты-жөні, лауазымы | Қабылдау күндері мен уақыты | Кабинет, қабат, телефон |
| Тазабек Еркебұлан Нұрланұлы
Олимпиадалық спорт факультет деканының орынбасары |
Түскі ас үзілісі: 13: 00 — 14: 00
Дүйсенбі: 14:30 — 17: 00 Сейсенбі: 14:30 — 17: 00 Сәрсенбі: 14:30 — 17: 00 Бейсенбі: 14:30 — 17: 00 Жұма: 14:30 — 17: 00 |
221
+7(727) 292-24-21 |
2017 жылғы ҚазСТА бокс, ауыр атлетика және шығыс жекпе-жектері кафедрасының түлегі. 2019 жылы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді. ҚазСТА-да бокс, ауыр атлетика және шығыс жекпе-жегі кафедрасына 2019 жылы оқытушы болып жұмысқа қабылданды. Оқытушылық қызмет барысында қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары, кафедраның оқу-әдістемелік жұмысына жауапты, ҚазСТА кәсіптік бағдар беру жұмысының маманы, Алмалы ауданының №75 сайлау учаскесінің хатшысы, сондай-ақ «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» ғылыми-теориялық журналының шығарушы редакторы болды. 2023 жылы «Дене шынықтыру және спорттың теориялық негіздері» кафедрасына аға оқытушы болып ауыстырылды. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап олимпиадалық спорт факультеті деканының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Әдіскер: Абдурасулова Умида Абдугаффарқызы
Әдіскер: Нусупбекова Жания Сериковна
тел. +7(727) 292-24-21, Dekanat-fos@mail.ru






Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма