Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы

Кафедрадағы оқу-әдістемелік жұмыс мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Кафедрада ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысқа қатысты барлық құжаттама бар, атап айтқанда: кафедра отырыстарының хаттамалары, ашық сабақтарды талқылау хаттамалары, өзара сабаққа қатысу хаттамалары, жылдық есептер, оқытушылардың жеке жоспарлары, оқу жүктемесін бөлу және оның орындалу ведомостері.

Педагогикалық үдеріс кредиттік технология бойынша жүзеге асырылады, типтік оқу бағдарламасы, жұмыс оқу жоспары және элективті пәндер каталогы (студенттің таңдауына сәйкес) негізінде пәндердің толық оқу-әдістемелік кешені әзірленген.

Бүгінгі таңда кафедра бакалавриат, магистратура және PhD докторантура деңгейлерінде 20-дан астам пән бойынша оқу үдерісін жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде жүзеге асырып отыр. Сонымен қатар кафедра екі білім беру траекториясы бойынша мамандар даярлауды қамтамасыз етеді: «Дене мәдениеті және спорт психологиясы» және «Дене мәдениеті және спорт менеджменті».

Кафедра құрамында 3 педагогика ғылымдарының докторы, ВАК профессоры, 7 педагогика ғылымдарының кандидаты, 4 PhD докторы, 12 педагогика ғылымдарының магистрі жұмыс істейді. Сонымен қатар 3 оқытушы Қазақ спорт және туризм академиясының докторантурасында білім алуда: Токарева С.В., Ганибаев Н.С., Тұрлыбекұлы Д.

123123123123123123233

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы оқу үдерісіне жаңа технологияларды белсенді енгізуде. Барлық профессор-оқытушылар Platonus платформасын, Google технологияларын, соның ішінде Google сайттарды қолданады, PowerPoint бағдарламасында дайындалған слайд-дәрістер пайдаланылады, барлық оқытылатын пәндер бойынша бейнедәрістер жазылған.

Тәжірибе алмасу және кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында бекітілген кестеге сәйкес ашық сабақтар өткізіліп, кафедра профессор-оқытушылар құрамының сабақтарына өзара қатысу жүзеге асырылады.

Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, оқыту сапасын жақсарту, оқу үдерісін оңтайландыру және қарқындату мақсатында оқытушылар инновациялық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерін шығармашылықпен енгізуде. Профессор-оқытушылар құрамы сабақтардың әртүрлі түрлерін өткізу барысында интерактивті оқыту әдістерін қолданады. Бакалавриат пен магистратура пәндерінің ерекшелігін ескере отырып, оқу үдерісінде жобалық оқыту әдісі кеңінен қолданылады. Дәрістер демонстрациялық материалдар мен заманауи техникалық оқыту құралдарын пайдалана отырып өткізіледі. Практикалық және семинар сабақтар интерактивті әдістерді қолдану арқылы өткізіледі: миға шабуыл, пікірталас, әңгімелесу, брейн-ринг, «Шешімдер ағашы», «Аквариум», «Мәселені жеткіз», «Алты қалпақ» және т.б.

12356789

Кафедра отырыстарында келесі мәселелер талқыланады: алдағы оқу жылына арналған жұмыс бағдарламаларының сапасы (маусым), ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттерді басып шығару тақырыптық жоспары (қазан), мамандық пәндерінің оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі, емтихан материалдарының сапасы (қараша, сәуір), ашық және қатысқан сабақтардың сапасы.

5734

 

ҚазАСТ-та білім беру және ғылыми үдерістерді интернационалдандыруды арттырудың негізгі индикаторларының бірі – жетекші шетелдік және отандық жоғары оқу орындарынан шетелдік профессорларды дәріс оқуға, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге және ғылыми іс-шараларға қатысуға тарту болып табылады.

Соңғы оқу жылдары ішінде келесі ғалымдар шақырылды:

  1. Голубева Галина Николаевна – педагогика ғылымдарының докторы, Поволжье мемлекеттік дене мәдениеті, спорт және туризм академиясының профессоры;
  2. Платонов Владимир Николаевич және Булатова Марина Михайловна – Украинаның Ұлттық дене тәрбиесі және спорт университетінің профессорлары;
  3. Римантас Микалаускас – Литва спорт университетінің профессоры;
  4. Мухамедиярова Роза – дзюдо күресі федерациясының спорт менеджері;
  5. Петелюлене Снегина – Каунас Литва университетінің профессоры;
  6. Эрдал Зорба – Түркияның бұқаралық спорт қауымдастығының президенті, Анкара қаласындағы Гази университетінің профессоры.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 1–4 курс студенттерінің барлық практика түріне жетекшілік жасайды.

Кафедра профессорлары мен оқытушылары мемлекеттік және орыс тілдерінде көптеген оқу құралдарын, ғылыми еңбектерді, әдістемелік нұсқаулар мен монографияларды әзірлеп, жарыққа шығарған.

Соңғы 5 жыл ішінде кафедра оқытушылары жариялаған оқулықтар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдар мен монографиялардың саны №1 кестеде көрсетілген.

1-кесте – 2021–2026 жылдар аралығында жарияланған оқулықтар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдар мен монографиялар саны

Оқу жылы Оқу құралы Оқуәдістемелік құрал Оқулық Монография Оқу-әдістемелік ұсыныстар Жалпы:
2021 2 2
2022 1 1 1 3
2023 1 2 1 4
2024 6 3 4 13
2025 3 2 1 6
Барлығы: 9 4 3 7 6 29

 

 

 

 

 

 

 

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма