Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы

Кафедрада оқу-әдістемелік жұмыс мемлекеттік білім стандартына сәйкес жүргізіледі. Кафедрада ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарына  қатысты барлық құжаттар, атап айтқанда, кафедра мәжілістерінің хаттамалары, ашық сабақтарды талқылау хаттамалары, өзара сабаққа қатысу хаттамалары, жылдық есептер, оқытушылардың жеке жоспарлары, оқу жүктемесін бөлу және оның орындалуының есептері бар.       Педагогикалық процесс кредиттік технологияны қолдану арқылы жүзеге асырылады, пәндердің барлық  оқу-әдістемелік кешені  білім беру бағдарламасы, оқу-жұмыс жоспары және элективті пәндер каталогы (студент таңдауы бойынша) негізінде әзірленеді.       Жоғары оқу орындарының талаптарына сәйкес кафедрада барлық пәндер бойынша  типтік бағдарламалары мен элективті пәндер каталогтары бар, атап айтқанда  «Қазақстан тарихы», «Әлеуметтік-саясаттану білім модулі» (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану), «Философия», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Электрондық білім беруді цифрландыру және дамыту», «Құқықтық реттеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама» және «Академиялық жазу».         Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы оқу үдерісіне жаңа технологияларды белсенді түрде енгізуде. Барлық оқытушылар Moodle платформасын, Google технологияларын, соның ішінде Google-сайттарын, PowerPoint бағдарламасында жасалған слайд-дәрістерді қолданады. Сонымен  қатар, барлық оқытылатын пәндер бойынша бейне дәрістер жазылған.        Кафедраның профессорлары мен оқытушылары мемлекеттік және орыс тілдерінде көптеген түрлі оқулықтар, ғылыми еңбектер, әдістемелік нұсқаулар мен монографиялар әзірлеп, басып шығарды.       Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Академия басшылығымен және одан тыс жерлерде ұйымдастырылатын түрлі іс-шараларға, ғылыми конференцияларға, семинарларға  белсенді қатысады.

         Кафедраның 2019-2023 жылдардағы оқу-әдістемелік жұмысы.

 

2019 2020 2021 2022 2023
Оқу құралы  

 

1

 

2

 

 

2

Оқу-әдістемелік құралы 1 3 1

 

Қонақ дәрісі   2 2
ҚазАСТ конкурстарына қатысу

 

1 2 2 1
Әдістемелік семинарларға, вебинарларға, шеберлік сабақтарына қатысу

 

3 9 5 11 10

 

Close