Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері кафедрасы
КАФЕДРАНЫҢ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ
![]() |
Белегова Алия Аканбаевна – «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы.
03.02.2025 жылдан бастап Диссертациялық кеңестің, төраға орынбасары. Қазақ спорт және туризм академиясының Консультациялық-психологиялық қызмет жетекшісі Қазақ спорт және туризм академиясының конкурсының «Үздік оқытушы – 2021-2025» номинация жеңімпазы. Спорт психологтарының мүшесі. Қазақстан спорт психологтары қауымдастығының мүшесі (2015 жылдан). Халықаралық спорт психологтары қауымдастығының мүшесі (2023 жылдан). Ғылыми қызметінің негізгі бағыты – спортшыларды даярлаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері. PhD докторанттарға ғылыми жетекшілік етеді. 20-дан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы, оның ішінде Scopus дерекқорына енгізілген халықаралық рецензияланатын журналдардағы жарияланымдар бар. |
|
Андрущишин Иосиф Францевич-педагогика ғылымдарының докторы, кафедра профессоры, Ресей жаратылыстану Академиясының академигі, ҚР спорт психологтары қауымдастығының президенті.
Ғылыми зерттеулер саласы-ғылымды педагогизациялау идеясына негізделген спортшыларды даярлаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері. Магистранттар мен PhD докторанттарға ғылыми жетекшілік жасайды. Оның жетекшілігімен 4 кандидаттық диссертация, PhD докторы дәрежесін алу үшін 5 диссертация, 30-дан астам магистрлік диссертация және 50-ден астам дипломдық жұмыс қорғалды. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік сипаттағы 310-нан астам жұмыстар, соның ішінде Scopus дерекқорына кіретін халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланған жарияланымдар. Оқытатын пәндері: ДШжС психологиясы, спортшыларды көп жылдық даярлау. Байланыс телефоны:8-701-350-84-24, E-mail:ifandru2@mail.ru |
![]() |
Хаустов Станислав Иванович – академик, педагогика ғылымдарының докторы, кафедра профессоры, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының мүшесі. ҚазДШИ түлегі, кафедрада 1971 жылдан бастап қызмет атқарады.
270-тен астам ғылыми еңбектердің авторы: монографиялар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми мақалалар.Нөлдік импакт-факторы бар Scopus базасынан Thomson Reutеrs компаниясының халықаралық ғылыми журналындағы мақалалар, өнертабысқа алдын-ала патенті бар. Магистранттар мен PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасайды. Ғылыми зерттеу саласы – дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі. Оқытылатын пәні: «Дене шынықтырудың теориясы мен әдістемесі». Байланыс телефоны: 8-777-548-6410, E-mail:xci41@mail.ru |
![]() |
Балтина Алтынай Сапаровна — «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасының аға оқытушысы, ҚазСТА түлегі. 2014 жылдан бері аталған кафедрада табысты еңбек етіп келеді.
Дзюдо, самбо және қазақша күрес бойынша спорт шебері. Самбо мен қазақша күрестен Азия чемпионы. 2014 жылы Токио қаласында өткен әлем чемпионатына, сондай-ақ Әлем кубоктары мен 2013 жылы Қазан қаласында ұйымдастырылған Бүкіләлемдік универсиадаға қатысқан. Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы әрі жүлдегері. 30-дан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы. Оның ішінде Scopus деректер базасына енген халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланған мақалалары, сондай-ақ 3 оқу-әдістемелік құралы бар. Ұлттық Тестілеу Орталығы үшін магистратураға түсу тесттерінің әзірлеушісі: «Дене шынықтыру мен спорттың менеджменті» пәндері бойынша. Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі бағытында оқу сабақтарын жүргізіп, болашақ мамандарды даярлауға үлес қосып келеді. Байланыс: baltina_89@mail.ru |
![]() |
Нұрмұхамбетова Медина Булатовна – педагогика магистрі, «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасының аға оқытушысы. 2016 жылдан бастап ҚазСТА-та жұмыс істейді. Қазақстан спорт психологтары қауымдастығының мүшесі (2014 жылдан бастап). Халықаралық спорт психологтары қауымдастығының мүшесі (2022 жылдан бастап).
Білімі: Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы қ.), БСӘБ бакалавры, 2001 ж.; Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы қ.), педагогика магистрі, 2003 ж.; Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті, 5В010800 – Дене шынықтыру және спорт, 2012 ж.; «Тұран» университеті (Алматы қ.), 5В050300 – Психология, 2020 ж. 6В01403 «Бейімдік дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының мүшесі. Ғылыми-зерттеу саласы – дене шынықтыру және спорттағы психология мен педагогика. 20 ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы. Оқытатын пәндері: «Әлеуметтік-саяси білім модулі (психология)», «Дене шынықтыру және спорт психологиясы», «Инклюзивті білім беру», «Арнайы педагогика және психология». Minor бағдарламасы «Дене шынықтыру және спорт психологиясы» бойынша жетекші. Байланыс: +7 (777)-250–2154 E-mail: medina1979@mail.ru |
![]() |
Жидовинова Анна Вячеславовна – PhD Болгарияның София қаласындағы «Васил Левски» Ұлттық Спорт Академиясы.
Кафедраның аға оқытушысы, 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Ғылыми зерттеулер саласы – дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды кәсіби даярлау. 37-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік сипаттағы жұмыстар жарияланған. Minor «Дене шынықтыру және спорттық менеджмент» бағдарламасының жетекшісі. Ұлттық Тестілеу Орталығы үшін магистратураға түсу тесттерінің әзірлеушісі: «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі», «Дене шынықтыру мен спорттың менеджменті» пәндері бойынша. Байланыс: skarlettt2020@gmail.com |
![]() |
Бримкулова Асем Дулатовна – «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақ спорт және туризм академиясының докторанты. Кафедрада 2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қызмет атқарады.
Оқытатын пәндері: «Бейімдік дене шынықтыру және спорттың құрылыстары мен жабдықтары», «Бейімдік дене шынықтыру және спорт», «Арнайы педагогика және психология». Ғылыми қызметі: 20-дан астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде Scopus дерекқорына енгізілген халықаралық рецензияланатын журналдардағы мақалалар бар. Ғылыми зерттеу бағыты – болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарының инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру. Қоғамдық-ұйымдастырушылық қызметі: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды қолдауға арналған ережені әзірлеген. Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі студенттердің координаторы болып табылады. Байланыс ақпараты: E-mail: paton-cimon@mail.ru Тел: 8-7778-518-78-30 |
![]() |
Голоха Лада Ивановна «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасының аға оқытушысы, магистр. Қазақстан спорт психологтары қауымдастығының вице-президенті. Қызмет атқарып жүрген спорт психологы. 2019 жылдан бастап Қазақ спорт және туризм академиясында жұмыс істейді. 20-дан астам ғылыми басылымдары бар. Ол «Разработка научно-обоснованных предложений по повышению технической подготовленности и совершенствованию психолого-педагогического сопровождения подготовки спортивного резерва в водных видах спорта». тақырыбында 2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің IRN AP09260551 гранттық қаржыландыруымен ғылыми жобаның мүшесі. «Бейімдік дене шынықтыру және спорт» курсын әзірлеуші. Оқытылатын пәндер: «Бейімдік дене шынықтыру және спорт», «Спорт психологиясы бойынша практикум». Байланыс: ladago@bk.ru |
![]() |
Ибрагимов Асет Ербулович Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері кафедрасының аға оқытушысы Педагогика ғылымдарының магистрі Бокстан спорт шеберлігіне үміткер (СШҮ) 2012–2018 жылдар аралығында бокс және ауыр атлетика кафедрасында оқытушы болып жұмыс атқарды. 2019 жылдан бастап дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар 2020–2024 жылдары Олимпиадалық спорт факультетінің декан орынбасары қызметін атқарды. Бокстан Орталық Азия елдерінің студенттері арасында өткен халықаралық турнирдің қола жүлдегері, сондай-ақ көптеген республикалық жарыстардың жүлдегері. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік бағытта 15-тен астам еңбектің авторы, оның ішінде Scopus деректер базасына енген халықаралық рецензияланатын журналдардағы жарияланымдар, сондай-ақ үш электрондық оқу-әдістемелік құрал бар. Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы тарапынан «Құрмет» грамотасымен марапатталған. Дене мәдениеті және спорт теориясы мен әдістемесі саласы бойынша оқу сабақтарын жүргізеді. Байланыс: acet-box-kazact@mail.ru |
![]() |
Тазабек Еркебұлан Нұрланұлы
«Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, докторант. ҚР бокстан спорт шебері 2019 жылдың 9 ақпанынан бастап Қазақ спорт және туризм академиясында жұмыс істейді. ҚР чемпионатының (Орал) жүлдегері, А.Тшанов жүлдесіне орай жастар арасындағы халықаралық турнирдің финалисті (Алматы), Жастар арасындағы Алматы қаласы чемпионатының жеңімпазы. Алматы қаласы құрама командасының сапында болды. 10-нан астам ғылыми жарияланымдары бар. Оның 1-і Scopus базасында. Оқытатын пәндері: «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі», «Педагогикалық мамандыққа кіріспе». Ғылыми зерттеу саласы-спорттық жаттығулардың теориясы мен әдістемесі. E-mail: alma.kala@mail.ru |
![]() |
Сураншиева Мейрамгул Кадыровна
«Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасының (PhD) философия докторы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру ісінің үздігі» – 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 01803 куәлігі. Тұлға дамуының объективті заңдылықтарын түсіну, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы, жеке құндылық қатынастарын қалыптастыру өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру, кәсіби құзыреттілік, педагогикалық шеберлік мәселелері бойынша, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесін жетілдіру, кәсіби құзыреттіліктер, педагогикалық шеберлік мәселелері, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесін жетілдіру, девиантты мінез-құлықты балаларды әлеуметтендіру, болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлық процесінде ғылыми-педагогикалық зерттеу мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша 90-нен астам ғылыми еңбектері жарық көрді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Орталық Азия елдеріндегі педагогика бойынша білім беру бағдарламаларын жаңғырту және дамыту» халықаралық Tempus-Educa жобасының қатысушысы. Әлеуметтік педагогикадан типтік бағдарламаларды әзірлеуші, 5В010300 – «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша элективті пәндер каталогын құрастырушы, 5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» орыс және қазақ тілдерінде бітірушілерге дипломдық жұмыстарды жазуға арналған әдістемелік нұсқауларды құрастырушы. Өтетін пәндері: «Жалпы педагогика, дене шынықтыру және спорт педагогикасы», «Білім беру және спорттық сауықтыру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы», «Жоғары мектеп педагогикасы». Байланыс телефоны: +77760867556. Электрондық пошта: mira-8.3@mail.ru |
![]() |
Кошербаева Газиза Нұралиевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасының қауымдастырылған профессорының м.а. «Халықаралық практикалық психология және педагогика академиясы» қоғамдық бірлестігінің тең құрылтайшысы, сондай-ақ ҚР спорт психологтары қауымдастығының мүшесі. «Рухани жаңғыру: 100 жаңа кітап» жобасына қатысқан. Қазақстанның Ашық университетінде бейнедәрістер дайындаған. Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ҚазСТА басшылығының алғыс хаттарына ие. 2024 жылы жетекшілік еткен студент «Жылдың үздік студенті» І дәрежелі дипломының иегері атанды.
Ғылыми зерттеу саласы – дене шынықтыру және спорт саласында болашақ педагогтарды даярлаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері. 60-тан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы, оның ішінде Scopus деректер базасына кіретін халықаралық рецензияланатын журналдарда және КОКСНВО журналдарында жарияланған мақалалары бар. Ұжымдық монография, практикалық психология бойынша оқу құралы (бірлескен авторлықта, РОӘК ұсынған, орыс тілінде), сондай-ақ бакалавриат пен магистратура пәндері бойынша қазақ тілінде «Психодиагностика» және «Басқару психологиясы» оқу құралдары (бірлескен авторлықта) жарық көрген. Оқытатын пәндері: Дене шынықтыру және спорт психологиясы, Minor «Дене шынықтыру және спорт психологиясы», «Әлеуметтік-саяси білім модулі (психология)», Спорттағы психология мен тұлғаның теориялық негіздері, Спорттағы функционалдық жағдайлардың психодиагностикасы, Басқару психологиясы, Ғылыми-педагогикалық жобалау технологиялары, Дене шынықтыру және спорттағы психологиялық бақылау (бакалавриат және магистратура, қазақ тілінде).
Байланыс: 8-707-826-70-15 |
![]() |
Купербаева Айгүл Жақсылыққызы – Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 30 жылдан астам педагогикалық тәжірибесі бар “Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері” кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Педагогика және инклюзивті білім беру саласында оқытудың және ғылыми жұмыстың мол тәжірибесі бар.
Педагогика, инклюзивті білім беру бойынша конференцияларға белсенді қатысады және оқу процесіне оқытудың заманауи әдістерін енгізеді. Оқытушыларға арналған патент, мақалалар мен әдістемелік құралдардың авторы. 35-тен астам ғылыми жарияланымдары бар. Оқытылатын пәндер: Академиялық жазу, Жалпы педагогика, дене шынықтыру және спорт педагогикасы, Инклюзивті білім беру және Сыни ойлауды дамыту технологиясы (бакалавриат, магистратура). Байланыс телефоны: 8-777-177-54-45 E-mail: kup_aigul71@mail.ru |
![]() |
Караева Тилеужамал Наршаевна
Магистр, аға оқытушы 2023 жылдың қыркүйек айынан «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасының аға оқытушысы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, 2017 Оқитын пәндері: «Әлеуметтік-саяси білім модулі (психология)», «дене шынықтыру және спорт психологиясы», инклюзивті білім беру, білім беру саласындағы жобалық қызмет Ғылыми зерттеу саласы: Тұлға психологиясы – жоғары оқу орнының білім беру ортасында қазіргі студент жастардың «Мен-тұжырымдамасының» эмоционалдық-тұлғалық ерекшеліктері. Байланыс: karaeva66@mail.ru |
![]() |
Тастанов Әділбай Жұматайұлы – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, доцент, дене тәрбиесі және спорт саласындағы жоғары білікті ғалым-педагог. Ол дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, спорттық жаттықтыру, сауықтыру және бейімдеу дене шынықтыруы бағыттары бойынша ұзақ жылдар бойы ғылыми-педагогикалық қызмет атқарып келеді.
Ғалымның негізгі кәсіби даярлығы Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институтында жүзеге асқан. Кейін Қазақтың спорт және туризм академиясында аспирантурада білім алып, 2003 жылы 13.00.04 – «Дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесі, спорттық жаттықтыру, сауықтыру мен бейімдеу дене шынықтыруы» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен доцент ғылыми атағын иеленді, ал 2012 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры атанды. Ә.Ж. Тастановтың ғылыми-педагогикалық қызметі мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес дене мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздерін зерттеуге бағытталған. Ол оқу үдерістерін жетілдіруге арналған оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеумен, сондай-ақ білім беру саласына арналған ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізумен белсенді айналысады. Ғалым 200-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы. Сонымен қатар «Жеңіл атлетиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» және «Шаңғы спорты» бағыттары бойынша авторлық құқықпен қорғалған электронды оқу құралдарын әзірлеген. Оқытушы жоғары оқу орнында «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі», «Мектептегі дене тәрбиесін оқыту әдістемесі», «Олимпиадалық және паралимпиадалық білім» пәндер бойынша сабақ береді. Көпжылдық нәтижелі еңбегі үшін Ә.Ж. Тастанов Қазақстан Республикасының білім және ғылым, дене шынықтыру және спорт саласындағы бірқатар мемлекеттік және салалық марапаттарға ие болған. Оның кәсіби қызметі отандық білім беру жүйесін дамытуға, жас ұрпақты тәрбиелеуге және спорт ғылымының өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді. Электрондық пошта: tastanov_70@mail.ru тел.: +77025229825., 87770824270 |
![]() |
Құрманқұлова Кенжеш Әдіғалымқызы – «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасының профессор м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Семей педагогикалық институтында (1982–1985) оқытушылық қызметінен бастап, ҚР Туризм және спорт министрлігі мен ҚР Жеңіл атлетика федерациясын қоса алғанда, түрлі білім беру және мемлекеттік мекемелерде ғылыми-педагогикалық және басшылық жұмысты жалғастыра отырып, дене шынықтыру және спорт саласында бай тәжірибесі бар. Спорттық дайындық саласында 30-дан астам ғылыми басылымдары мен ғылыми-әдістемелік нұсқаулары бар. Кафедрада 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. Оқытатын пәндері: Жарыстарды ұйымдастыру және төрешілік, Спорттық жаттығулардың негіздері, Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінен білім беру. Байланыс телефоны: 8-701-759-19-45 E-mail: Kenjesh@list.ru |
![]() |
Есимгалиева Тлекши Махсотовна
PhD доктор, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы ҚазСТА-ның «2025 жылдың Үздік оқытушысы» конкурсының иегері. 2024 жылдан бастап «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, PhD доктор, ҚазСТА-ның «2025 жылдың Үздік оқытушысы» конкурсының иегері. Қазақ психологиялық қоғамының мүшесі. 40-тан астам ғылыми жарияланымдары бар. Ғылыми зерттеулер саласы – спортшылардың психологиялық-педагогикалық мәселелері. Оқытатын пәндері: «ЖПДШжСПедагогикасы», «ДШжСПсихологиясы», «Әлеуметтік психология және спорттағы қарым-қатынас психологиясы» пәндерінен сабақтар өткізеді. E-mail: tlekshi_86@mail.ru |
![]() |
Әбдіжәділ Еркеназ Әбибуллақызы – магистр, оқытушы.
Ғылыми-педагогикалық қызметі педагогика мен психология ғылымдарының заманауи бағыттарына негізделген. Оқытушының негізгі кәсіби іс-әрекеті білім алушылардың тұлғалық және кәсіби дамуын қамтамасыз етуге, құзыреттілікке негізделген оқыту қағидаттарын жүзеге асыруға, психолого-педагогикалық қолдау көрсетуге бағытталған. Сабақ беру үдерісінде қазіргі педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді, сондай-ақ инклюзивті білім беру талаптарына сәйкес келетін практикалық құралдарды жүйелі түрде қолданады. Оқу-тәрбие және оқу-жаттығу үдерістерін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін меңгеріп, оларды педагогикалық тәжірибеде тиімді пайдаланады. Педагогикалық және психологиялық пәндерді оқытуда білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, теория мен практиканы ұштастыруға басымдық береді. Оқытушы біліктілігін арттыру мақсатында келесі курстардан өткен:
Әбдіжәділ Еркеназ Әбибуллақызы – 10 ғылыми мақаланың авторы, оның ішінде республикалық және халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған еңбектері бар. 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасында қызмет атқарады. Оқытатын пәндері: Байланыс ақпараты: |
![]() |
Тұрлыбекұлы Дулат
Магистр, «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасының оқытушысы. Докторант Қазақстан Республикасының бокстан спорт шебері Оқытатын пәндері: Балалар мен жасөспірімдер және кәсіби спорт негіздері, Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Байланыс телефон: 87476855618 |
![]() |
Ганибаев Нұрлан Сағидоллаұлы
Педагогика ғылымдарының магистрі, докторант. «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері » кафедрасының аға оқытушысы. Педагогикалық практика жетекшісі. Оқытатын пәндері:дене шынықтыру және спорт менеджменті мен маркетингі, педагогикалық мамандыққа кіріспе. Тел.: 8-778-375-56-76, kafedraboksa1994@mail.ru |
![]() |
Серикболова Аяулым Еркебуланқызы
Дене Мәдениеті және спорттың теориялық негіздері кафедрасының лаборанты |
![]() |
Нурканова Райхан Оразбековна педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор
Нурканова Р.О. білім беру жүйесінде 32 жыл жұмыс істейді 1994 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді. 1998 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ҚР 14А.02.02 диссертациялық кеңесінде «Көп сатылы білім жүйесін зерттеу жағдайындағы болашақ-математик маманының әдістемелік негізінде кәсіби дайындығын қалыптастыру» атты тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Жоғарғы аттестация комиссиясының шешімімен 1999 жылы Р.О.Нуркановаға педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2001 жылы Жоғарғы аттестация комиссиясының шешімімен доцент ғылыми дәрежесі берілді. Әр жылдарда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің аға оқытушы, математикалық талдау кафедрасының доценті, Д.Серикбаев атындағы ШҚМТУ-нің жоғарғы математика кафедрасынның доценті, Д.Серикбаев атындағы ШҚМТУ-нің Жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық және қабылдау орталығының директоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің директоры қызметтерін атқарды. Нурканова Р.О. ғылыми- зерттеу жұмыстармен белсенді айналысады және әртүрлі халықаралық, республикалық семинарлар мен конференциялардың баяндамаларына баға береді. 100-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектері бар. Нұрқанова Р.О. кәсіби спорт және жекпе-жек факультетінің декан орынбасары болып табылады, сондай-ақ 2-курс магистранттарына «Ғылыми-педагогикалық зерттеулердегі математикалық әдістер» пәнінен дәріс береді Нұрқанова Р.О. әртүрлі уақытта Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті шығаратын «Жас талап-KZ» жоғары сынып оқушыларына арналған ғылыми-көпшілік журналының және «Қазақ университеті» баспасы шығаратын «Жоғары сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми-білім беру журналы Al-Farabi.kz» редакциялық алқасының тұрақты мүшесі және осы журналдарға арналған көптеген мақалалардың авторы болды. |























