Нұрмұханбетова Динара Кенжеқызы
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ спорт және туризм академиясының бірінші проректоры – академиялық мәселелер және білім сапасы жөніндегі проректоры.
1986 жылы Қазақ дене тәрбиесі институтын «Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы» біліктілігімен бітірген. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін №2 Республикалық мектеп-интернатта дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ спорт және туризм академиясында еңбек етеді. Оқытушыдан, аға оқытушыдан, академия доцентінен бастап, гимнастика және жүзу кафедрасының меңгерушісі, Олимпиадалық спорт факультетінің деканы қызметтерін атқарып, 2011–2014 жылдары тәрбие және спорттық-бұқаралық жұмыс жөніндегі проректор болды. 2014 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін ҚазАСТ-тың бірінші проректоры – академиялық мәселелер және білім сапасы жөніндегі проректоры қызметін атқарады.
60-тан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 3 монография, 10 оқу құралы бар, 5 авторлық куәлікке ие. «Педагогикалық ғылымдар» УМО-РУМС мүшесі. «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша УМО-ГУП төрағасы.
2009 және 2020 жылдары «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегері. ҚР ҒЖБМ-нің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен (2018 ж.), «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2024 ж.), ҚР МТжС-тың «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2014 ж.), «Қазақ спорт және туризм академиясының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» медалімен (2019 ж.) марапатталған. Оның жетекшілігімен екі докторлық (PhD) диссертация қорғалды. Жүзуден спорт шеберлігіне кандидат, «ұлттық жоғары санатты төреші» атағына ие.
2026 жылға арналған азаматтарды қабылдау кестесі
| Аты-жөні, лауазымы | Қабылдау күндері мен уақыты | Кабинет, қабат, телефон |
| Нурмуханбетова Динара Кенжеевна
Бірінші проректор – академиялық мәселелер және білім беру сапасы жөніндегі проректоры |
Сейсенбі 15:00-17:00,
Бейсенбі 15:00-17:00 |
2 қабат, 229 каб.
8 (7272) 92-39-37 |



Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма