Анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедраның көптеген оқытушылары әртүрлі дипломдармен сертификаттар иегері.

Ғылыми жұмыстар жағынан кафедрада медико-биологиялық бағыттар көптеген жұмыстар атқарылып, спортшыларды дайындау барысында көптеген жетістіктерге қол жеткізуде (Л.Р. Кудашова, С.Ж. Бұғыбаева, Р.Б. Лесбекова).

Тақырыбы: Дене шынықтыру және спорт жаттығуларына  ағзның бейімделуі

Мәселе: Дене шынықтыру мен спортпен  айналасатындардың ағзасының қор мүмкіндіктерінің бейімделу ерекшеліктері

Мәселенің өзектілігі. Спорттың заманауи даму кезеңдерінде  денелік жүктемелер  ағза  жүйелерінің биологиялық құрылымы  ретінде, ДШ және спортпен шұғылданушылардағы ағзаның бейімделу механизмдерін әртүрлі бағыттағы бұлшықет жұмысында маңызды  болып табылады.

Дене тәрбиесінің физиологиясы  саласында  дене жүктемелерінің және спорттық жаттығулардың ағзаға  әсері  және фенотиптікфакторлар негізінде генетикалық  ерекшеліктері толыққанды зерттелінбеген. Осы кемішіліктер нәтижесінде ағазаның  бейімделу механизмдерін, спорттық  дене жүктемелерінің  мөлшері, сауықтыру жаттығуларының тиіміділігін білмеуден  спортшылар әртүрлі деңгейдегі жарыстарда  төмен нәтижелер көрсетіп жатады.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Жекпе-жек, спорттың ойын және  циклді спорт түрлерімен айналысатын (күрес, кикбокс, ауыр атлетика, жүз, волейбол, каратэ, шаңғы спорты және т.б.) айналысатын спортшылардың дайындық деңгейін анықтау;
  2. Спортшылардың дайындық деңгейінне талдау жасау және модельді көрсеткіштерге сәйкестігін анықтау;
  3. Спорттышлардың таңдаған спорт түрі бойынша сәйкестік көрсеткіштерн үлгі ете отырып, дайындық деңгейінің әртүрлі кезеңдеріне талдама жасау.
  4. Оқу-жаттығу үдерісін жетілдіруде тәжірибелік ұсыныстар беру

Кафедраның ғылыми-зерртеу мақсаттағы жабдықтары:

Кафедра ұжымы көптеген конференцияларда симпозиум мен ғылым дөңгелек үстелдерге қатысып белсенділік танытты (профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік конференциясы), жас ғалымдар кеңесі қатысушылары.

 

Анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасы оқытушыларының жарияланымдары

Публикация деңгейі 2019 2020 2021 2022 2023
Министрліктер тарапынан жарық көрген  жарияланымдар 2 16   2 2
Scopus 1 3 1 1 2
ҚР журанлдары   13 6 2 3
ТМД ғылыми журналдары 5 8 5 1 2
Халықаралық конференциялар   2 1 2 7
Ғылыми басылымдар   1 1 6

 

Close