ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
Кафедра тарихы
Профессор-оқытушылар құрамы
Кафедраның жетістіктері
ПОҚ біліктілігін арттыру
Оқу-әдістемелік жұмыс
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары
Тәрбие жұмысы
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыратын ҚазСТА-ның оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кафедра қызметін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады::
– білім беру үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
– ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс;
– ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмысы;
– студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары;
– студенттермен тәрбие жұмысы.
Кафедрада келесі пәндер оқытылады:
– Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы;
– Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде);
– Әлеуметтану;
– Саясаттану;
– Философия;
– Мәдениеттану (ағылшын тілінде);
– Дене шынықтыру және спорт саласындағы құқықтық реттеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;
– Математика;
– Ғылым тарихы мен философиясы (магистратурада)
Жыл сайын кафедра «Гуманитарлық ғылымдар және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Кафедра мен академияның ПОҚ үшін мастер-класстарды, семинарларды, біліктілікті арттыру курстарын дайындауға және ұйымдастыруға қатысады. Кафедра базасында оқытушыларға арналған ағылшын тілі курстары жұмыс істейді. ӘГП кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен, Н. Гумилев атындағы УҰУ-мен, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-мен тығыз байланыста.
Сонымен қатар, жыл сайын кафедра ПОҚ мен студенттері С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткізілетін конференцияларға қатысады.
Барлық мамандықтағы академия студенттері кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады. Философия, саясаттану, Қазақстан тарихы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құқық негіздері, экономика пәндері бойынша ғылыми мақалаларды жариялап, баяндама жасайды.
Жыл сайын кафедра ПОҚ студенттермен түрлі тәрбиелік іс-шаралар өткізеді: философия күні, қабырға газеттері, қоғамдық-саяси плакаттар, қоғамдық-саяси және тарихи тақырыптар бойынша эссе.