Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар кафедрасының тарихы
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар кафедрасының тарихы Қазақ спорт және туризм академиясының тарихымен тығыз байланысты. Әр кезеңде кафедра әртүрлі атаулармен қызмет атқарды: марксизм-ленинизм кафедрасы, ғылыми коммунизм және саяси экономия кафедрасы, қоғамдық-саяси және гуманитарлық пәндер кафедрасы.
2026 жылы жоғары білім беру жүйесін жаңғырту және цифрлық технологияларды белсенді енгізу жағдайында кафедра әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандарды біріктіріп, қазіргі заманға сай «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар кафедрасы» атауын алды.
Кафедраның бастапқы қызметі студенттер арасында оқу, ғылыми және тәрбие жұмысын жүргізуге бағытталып, кеңестік дәуірдің ресми идеологиясының негізін құраған марксистік-лениндік философияны зерделеуге шоғырланды. Кафедра марксистік-лениндік философия, ғылыми коммунизм, марксистік-лениндік этика мен эстетика, сондай-ақ ғылыми атеизм пәндерін оқытуды қамтамасыз етіп, болашақ педагогтарды гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық білімдермен таныстырды.
Кафедраның қалыптасуы мен дамуына көптеген көрнекті тұлғалар елеулі үлес қосты. Мәселен, 1960–1970 жылдары КОКП тарихы кафедрасының меңгерушісі тарих ғылымдарының докторы, профессор Жүнісбек Жұмабеков болды, ол кейін Абай атындағы ҚазПИ-дің ректоры қызметін атқарды. Университеттің әр кезеңдерінде кафедраны төмендегі ғалымдар басқарды:
- Валерий Иванович Яковлев– философия және ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент;
- Олег Никанорович Белоус–философия және ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент;
- Чапай Габдыгалиевич Мусин–КОКП тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихы оқулығының авторы;
- Жасқайрат Әлиасқарұлы Буламбаев–гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор;
- Мухаметказы Тажин– 90-жылдардың аяғындағы КОКП тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент;
- Турсун Хафизович Габитов– кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор. 100-ден астам ғылыми және әдістемелік мақалалардың, 15 монографияның авторы. Қазақстандағы мәдениеттану ғылымының бастауында тұрған адамдардың бірі. Оның жетекшілігімен философия, мәдениеттану, логика пәндері бойынша қазақ және орыс тілдерінде алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарын шығарды.
- Турсунбаев Тимур Абдиевич – кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, 100-ден астам ғылыми және әдістемелік мақалалардың, монографиялардың авторы.
- Агелеуова Айгуль Токтархановна –кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты,қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, 80-дан астам ғылыми және әдістемелік мақалалардың, монографиялардың авторы.
- Ибраимова Асель Ашимтаевна – 2021 жылдан бастап кафедра меңгерушісі, информатика магистрі, PhD үміткер, 30-дан астам ғылыми және әдістемелік мақалалардың, монографиялардың авторы.
Кафедрада әр уақытта жұмыс істеген профессорлық-оқытушылар құрамының басқа да өкілдерін атап өту керек:
- Диас Джамбулов– саясаттану ғылымдарының докторы, 70 жылдардағы кафедра доценті;
- Владимир Матвеевич Козьменко–тарих ғылымдарының докторы, профессор, РҒА академигі, РХДУ тарихы кафедрасының меңгерушісі. (Мәскеу);
- Наум Иосифович Кренгауз– экономика ғылымдарының докторы, 60-70 жж кафедра доценті;
- Вахиля Сержановна Сержанова–тарих пәнінің аға оқытушысы;
- Клара Абдыгафаровна Баймухамбетова– тарих пәнінің аға оқытушысы;
- Кенес Ихсанович Ихсанов– тарих ғылымдарының кандидаты, профессор;
- Ерболат Елюбаевич Тайбеков–тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, шахматтан институттың құрама командасының капитаны;
- Джанибек Джаикович Рыспеков-философия ғылымдарының кандидаты, доцент, стендтік атудан спорт шебері;
- Нина Николаевна Полетаева– философия ғылымдарының кандидаты, доцент, «Спорт этикасы» оқулығының авторы;
- Ирина Александровна Журавлева– философия ғылымдарының кандидаты, доцент;
- Алевтина Ивановна Жукова– философия ғылымдарының кандидаты, доцент;
- Валерий Иванович Толмачев– философия ғылымдарының кандидаты, доцент, 80 жылдардағы Шығыс Қазақстан облысындағы жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі ССО командирі;
- Станислав Мунишевич Фридман–философия пәнінің оқытушысы, «Дене шынықтыру және спорт социологиясы» оқулығының авторы, КазИФК басылымы;
- Зауре Мергалиевна Ишмухамедова– тарих пәнінің аға оқытушысы;
- Лариса Изимовна Мухамеджанова– философия ғылымдарының кандидаты, доцент;
- Амиржан Шалтыков– тарих ғылымдарының докторы, профессор;
- Шоку Амирович Амиров– экономика ғылымдарының кандидаты, доцент;
- Юрий Васильевич Васильев– философия ғылымдарының кандидаты;
- Агелеуова Айгуль Токтархановна –философия ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Педагогика Ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі;
- Жанганатова Калимаш Нуратдиновна-тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;
- Берлибаев Бакдаулет Турбекович- тарих ғылымдарының докторы, профессор міндетін атқарушы;
- Дауренбекова Айгуль Турсунхановна-информатика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы;
- Тебегенова Эльвира Темирхановна-психология-педагогика магистрі, аға оқытушы;
- Додаева Куаныш Жанузаковна-әлеуметтану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.
Оқу үдерісін ұйымдастыруға зертханашылар, кабинет меңгерушілері мен әдіскерлерден құралған оқу-көмекші персонал да айтарлықтай үлес қосты. Олардың қатарында ММУ түлегі Н.В. Ким, Б. Қабиева, А. Бекішев, Н. Шупшибаев, А.Н. Алтынбай, Жұмабек А.Н. бар.
Қазіргі уақытта кафедра «Философия», «Қазақстан тарихы», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», әлеуметтік-саяси білімдер модульдері (социология, саясаттану, мәдениеттану), «Ғылым тарихы мен философиясы», «Цифрландыру және электрондық білім беруді дамыту», «Құқықтық реттеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама», «Академиялық жазу», «Философия және ғылым тарихы», «Спорт саласындағы кәсіби қызметті құқықтық қамтамасыз ету» пәндері бойынша білім беруді қамтамасыз етеді.
Білім беру үдерісі классикалық гуманитарлық дәстүрлер мен инновациялық цифрлық және интерактивті оқыту әдістерін ұштастыру негізінде жүзеге асырылады. Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысып, ғылыми жарияланымдар әзірлейді, оқу және оқу-әдістемелік құралдар шығарады, ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысады. Ерекше назар LMS Moodle жүйесін, цифрлық платформаларды және жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне енгізуге аударылады.
Сонымен қатар кафедра студенттердің азаматтық жауапкершілігін, патриотизмін, академиялық адалдығын және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған оқу-тәрбие және сыныптан тыс жұмыстарды белсенді түрде жүргізеді. Үздіксіз білім беру және Күміс университет жобалары аясында дөңгелек үстелдер, пікірталастар, шеберлік сабақтары мен ағартушылық іс-шаралар өткізіледі. Өз қызметінде кафедра пәнаралық тәсілді одан әрі дамытуға, білім беру бағдарламаларын цифрландыруға және гуманитарлық мәдениеті жоғары, сыни ойлауы дамыған, цифрлық сауатты бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағдарланған.


Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма