Дене шынықтыру және спорттың теориялық негіздері кафедрасының тәрбие жұмысы
«Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасының тәрбие жұмысы академия факультеттерінің деканаттары бекіткен жоспарларға сәйкес жүзеге асады.
Кафедраның профессор-оқытушылары академияның түрлі іс-шараларына белсенді қатысады. Кафедра теориялық, базалық пәндерді оқытуды жүзеге асыратындықтан пәндер бойынша білімдерді тереңдету мақсатында тақырыптық шеберлік-сыныптар, тренинг-семинарлар, спорт шеберлерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізіп отырады.
Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері кафедрасының профессор-оқытушылары жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерімен және студенттермен бірге Алматы қаласы білім басқармасының “Әлеуметтік мекемелердің түлектерін бейімдеу және қолдау орталығы “Жастар үйі” коммуналдық мемлекеттік мекемесімен, мектептермен қайырымдылық бағыттағы іс-шараларды бірлесе ұйымдастырып, студенттердің бойында рухани-адамгершілік, патриоттық сезімді дамыту мақсатында іс-шаралар өткізіп отырады. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын берік ұстану бастамасымен бос уақытты тиімді ұйымдастыру іс-шараларына белсене қатысады.
ӨТКІЗІЛЕТІН ІС-ШАРАЛАР:
СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША:
25.10.23ж. Қараева Т.Н. жатақханада «Қарым-қатынас дағдыларын дамыту» тақырыбында тренинг.
24.10.23ж. Кошербаева Г.Н. «Заманауи адамның рухани құндылықтары» (дискуссия)
Купербаева А.Ж. «Жеке тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық мәселелері » атты тәрбие сағат.
ТАҚЫРЫПТЫҚ ШЕБЕРЛІК-СЫНЫПТАР БОЙЫНША
31.10.23-03.11.23ж. Литва спорт университетінің профессоры Римантаса Микалаускаса «Дене шынықтыру және спорт менеджменті» кездесу
МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР БОЙЫНША
02.12.23ж. Тастанов Ә.Ж. «Жеңіл атлетика, қысқы және күрделі-техникалық спорт түрлері» кафедрасымен бірге «16 ЖЕЛТОҚСАН-1986 ЖЫЛ» ОҚИҒАСЫ күніне орай ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шара.
Ганибаев Н, Тазабек Е. ұйымдастырған 16 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткен іс-шара
Кафедра ұжымы Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесінде.
Балтина А.С. Наурыз мерекесінде киім үлгісі бойынша бас жүлденің иегері.
СПОРТ ШЕБЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
Белегова А.А. ұйымдастыруымен 12.10.2023ж. Еркін күрестен 2019 жыл Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы (2019-2021 жж.) Қайпанов Нұрқожа Аралбекұлымен «Жеңіс жолы» атты кездесу.
14.02.2024ж. Курманкулова К.А. ұйымдастырумен Қазақстан ұлттық командасының жаттықтырушысы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Оспанов Жаңабай Сейсеновичпен кездесу
Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдардың иегері Серік Жұмағалиұлы Сәпиевпен кездесу.
ТРЕНИНГ-СЕМИНАРЛАРЫ БОЙЫНША
27.10.23ж. Бримкулова А.Д. Алматыдағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың «Ашық есік» күнінде 2-курс студенттерімен бірге.
Мамандығым мақтанышым- топтық сайыс. Бримкулова А.Д. 2 курс студенттерімен
01.02.24ж. Купербаева А.Ж., Караева Т.Н. Алматы қаласында «Педагог академиясының» басшылығымен ашылған инклюзивті мектептің 1жылдық мерей тойында.
СТУДЕНТТЕРДІҢ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА
14.04.2024ж. А.Д. Бримкулова 3 курс студенттерімен кітапханаға саяхат
.
24.09.2024ж. Еңбек күніне орай “Менің жетістігім – менің нәтижем!” атты республикалық іс-шара аясында «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасы мен Т.Н Қараеваның ұйымдастыруымен “Табысты болуға ұмтылу” тақырыбындағы әлеуметтік-психологиялық тренинг.
17.10.2024ж. «SPORT» ББ бағдарламалар тобының менеджері А.С. Балтинаның ұйымдастырумен, «Жаттықтырушыларды дамыту және спортшыларды қолдау» орталығының білікті мамандарымен, «3D жаттықтырушы» семинары
23.10.2024ж. «Лудомания қазіргі жастар арасындағы проблема ретінде» тақырыбында Г.Н. Кошербаева дискуссия ұйымдастырды
27.10.2024ж. А.Д Бримкулова мен Ғ.Б. Копжановтың ұйымдастыруымен академияның 80 жылдық мерейтойына орай ерекше білімді қажет ететін өнерлі студенттердің және арнайы қонаққа келегн жалынды жас буынның қатысуымен «Шексіз мүмкіндіктер әлемі» атты инклюзивті концерт
13.11.2024ж. Нурмухамбетова М. Б., Белегова А. А., Голоха Л.И. оқытушылардың ұйымдастыруымен «Психикалық денсаулық күніне» орай тренингтен үзінді
26.11.2024ж. А.В. Жидовинованың басшылығымен «2024 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарының нәтижелерін талқылау. Табыстар мен сәтсіздіктер» тақырыбында дөңгелек үстел
30.11.2024ж. Тастанов Әділбай Жұматайұлының жетекшілігімен «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» және «Жеңіл атлетика, қысқы және күрделі-техникалық спорт түрлері» кафедрасымен бірлесе отырып академияның 80-жылдық аясына орай «1986 жыл желтоқсанның 16-жұлдызы» оқиғасына байланысты ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тарландары » атты тәрбиелік іс-шара.
20.02.2025ж. А.Е. Ибрагимов «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында бойынша ОСФ 1-курс студенттерімен ашық пікір-талас
24.04.2025ж. Н.С.Ганибаевтың концерт залында 1 курс студенттерімен –“Тәуелсіздік тұғырым” атты мерекелік іс-шарасы
24.04.2025ж. А.Ж Купербаева «Жақсы тәрбие-адамды көркейту»» тақырыбында 1-курс студенттерімен әнгіме-сұхбат өткізді.
18.10. 2025ж. Кафедра оқытушысы Тұрлыбекұлы Дулат және Фос 25-11 тобының студенттерімен «Қазақстан Республикам менің» тақырыбы аясында Ұлттық мұражайға саяхат
18.12.2025ж. Тазабек Е.Н. FOS 25-9 тобының 1 курс студенттерімен «Целинный» заманауи мәдениет орталығына саяхат
1 октября-мероприятие, посвященное Международному дню пожилых людей.
26.12.2025ж. кафедраның қарттар күніне орай ұйымдастыруымен “Үлкенге құрмет” атты қайырымдылық акциясы
Копжанов Г.Б., Бримкулова А.Д. «Шексіз әлем- шексіз өнер» инклюзивті концерт
СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
05-10.01.2026ж. «Денсаулық» спартакиядасына белсенді қатысқан кфедра оқытушылары
«ТАЗА ҚАЛА – ТАЗА САНА» ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСУ














































