Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code

Қазақ спорт және туризм академиясының өкілдері (Агелеуова А.Т., Кадырбекова Д.С., Дюсекеева Е.Т.) DIANA Erasmus+ (KA2 CBHE) жобасы аясында Португалияда өткен тренингке қатысты

2026 жылғы 29 маусым мен 3 шілде аралығында Португалияның Порту қаласындағы Portucalense университетінде ауылдық туризмді дамытуға, оқытудың инновациялық әдістемелеріне және ауылдық жерлердегі әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға арналған Training of Trainers (ToT1) бағдарламасының алғашқы модулі өтті.

Бағдарлама аясында қатысушылар:

  • ауылдық туризмді дамытудың заманауи еуропалық тәжірибесімен танысты;
  • Project-Based Learning (жобалық оқыту) және Design Thinking әдіснамалары бойынша тақырыптық тренингтерге қатысты;
  • Португалиядағы табысты ауылдық туризм нысандарына барып, кәсіпкерлікті дамытудың озық тәжірибелерімен танысты;
  • DIANA жобасын іске асырудың келесі кезеңдерін халықаралық серіктестермен талқылады.

Аталған тренингке қатысу Қазақ спорт және туризм академиясы оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ еуропалық озық тәжірибені академияның білім беру үдерісіне енгізуге бағытталған жұмыстардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

DIANA жобасы – «Қазақстан мен Өзбекстанда ауылдық туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және енгізу арқылы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту» – Еуропалық Одақтың Erasmus+ бағдарламасының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда.

Portugal_tourism1

Portugal_tourismPortugal_tourism3Portugal_tourism2Portugal_tourism4Portugal_tourism5

 

Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖