Announcements

2026-2027 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу конкурсы

 

«Қазақ спорт және туризм академиясы» КЕАҚ 2026-2027 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу конкурсын жариялайды.

 

  1. «Туризм және қызмет көрсету» кафедрасы бойынша:
  • кафедра меңгерушісі;
  1. «Спорттық менеджмент» кафедрасы бойынша:
  • кафедра меңгерушісі;
  • қауымдастырылған профессор – 1 ставка;
  1. «Туризм және спорт менеджменті» факультеті бойынша:
  • декан.

ПОҚ лауазымдарын конкурстық орналастыру және басшы қызметкерлердің лауазымдарын қайта сайлау туралы  ереже сайтта орналастырылған (ҚҰЖАТ).

Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 01 шілдеден 04 шілдеге дейін.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қ., Абай даңғылы, 85, 211-кабинет.

Байланыс телефоны: 8 (727) 292-37-21