Без рубрики

IX студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

Университеттік спорттың халықаралық федерациясы
Дене шынықтыру мен спорт университеттері халықаралық ассоциациясы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ спорт және туризм академиясы

iaeGMkCl9GM

Ақпараттық хат

«Университеттік спорт: денсаулық және ұлттық өркендеу» атты
IX студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық
ғылыми  конференциясы

 10-13 қазан 2019 жыл

Алматы, Қазақстан

 

Қазақ спорт және туризм академиясының
75 жылдық мерейтойына арналады

 призидентСлайд

Құрметті студенттер мен жас ғалымдар!

 

2019 жылдың 10-13 қазан аралығында Алматы қаласында (Қазақстан) Университеттік спорттың халықаралық федерациясы мен Дене шынықтыру және спорт университеттері халықаралық ассоциациясының қолдауымен «Университеттік спорт: денсаулық және ұлттық өркендеу» атты IX студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми  конференциясы өтеді.
Конференция дене шынықтыру және спорт саласы бойынша студенттік спорттың мәселелері мен болашағын, жастардың денсаулығын арттыру тәсілдері мен жолдарын,  дене дамуы бағыттарын  талқылау үшін түрлі елдердің студенттері мен жас ғалымдарының басын қосады.
Бұл конференцияның жастардың халықарылық студенттік қозғалыстарға белсене қатысуының, ғылым, білім және студенттік спорт саласындағы жаңа ынтымақтастық орнату жолдарын ашатын бастамалардың алғышарты болатынына және халықаарлық қоғамдастық елдері жастарының арасындағы достықты нығайтатынына сенім білідіремін.

Қайрат Закирьянов,
Дене шынықтыру мен спорт университеттері
халықаралық ассоциациясының Президенті

 I. Конференцияның мақсаты:

Конференцияның мақсаты студенттік спортты дамытудың түрлі бағыттарын талқылау, денсаулықты сақтау және нығайту, жастарды  дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға жұмылдыру, жаңа дене шынықтыру-сауықтыру  және спорттық технологияларды айқындау болып табылады.

II. Конференцияның басты тақырыбы
«Университеттік спорт: денсаулық және ұлттық өркендеу»
Конференцияның негізгі бағыттары:

  1. Студенттік спорттық қозғалыс: тәжірибесі, мәселелері, болашағы.
  2. Қимыл белсенділігі және студенттер денсаулығы. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық технологиялар.
  3. Спортшыларды студенттік спортқа даярлау жүйесі.
  4. Рекреация және спорт. Спорттық-сауықтыру туризмі.

III. Өткізу жолдары мен баяндамалардың ұзақтығы:

– пленарлық мәжіліс – 15 мин.;

– секциялық мәжіліс– 10 мин.;

– жарыссөз барысында сөз алу – 5 мин;

Пленарлық мәжіліске ұсынылатын баяндамаларды конференцияның ұйымдастыру комитеті іріктейді.

IV. Конференцияның ресми тілдері: ағылшын, орыс, қазақ.

V. Конференцияға қатысу үшін тіркелу төлемі:

– 50 Евро (немесе баламасы АҚШ долларымен, Ресейлік рубльмен)
Қазақстандық делегация үшін төлем – 8000 теңге.
Тіркелу төлемінің құнына кіреді: әуежайдан қонақүйге әкелу және қайта қайту жолы, кофе-брейк, ресми кешкі ас, Конференция материалдары, қала бойынша тасымалдау және экскурсия.

VI. Тіркелу төлемін төлеу

Тіркелу төлемін қолма-қолсыз ақша аудару арқылы немесе конференцияға келіп, тіркелу кезінде төлеуге болады.
Қатысу жарнасын аудару реквизиттері:
“Қазақ спорт және туризм академиясы” АҚ
050022, Алматы, Абай даңғылы, 85
БИН 010840001890
Расчетный счет ИИК №: KZ078560000000011507
АГФ АО Банк Центр Кредит
БИК KCJBKZKX KБЕ-16

VII. Конференцияға қатысу үшін толтырылатын сауалнама-өтініш үлгісі

Тегі
Аты
Әкесінің аты
Мемлекет
Қала
Ұйым, толық атауы
Бакалавр, магистрант
Аспирант, ізденуші
Докторант
Поштаның мекен-жайы, индекс
Телефон
Ұялы телефон
Электрондық пошта (Е-mail) Міндетті түрде!
Қатысу түрі: Ауызша баяндама  (пленарлық немесе секциялық) сырттай қатынасу.
Қонақ үйде орынды брондау қажеттілігі
Ғылыми бағыт / Ғылыми баяндаманың тақырыбы 
Автор(лар):

VII. Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар

Конференция жұмысының нәтижелері бойынша ISBN идентификаторы бар мақалалардың жинағы шығарыладыМатериалдар тек қана электрондық түрде, төмендегідей талаптар бойынша рәсімделген жағдайда қабылданады:

  • материалдар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады;
  • 80 сөзден тұратын аңдатпа және түйін сөздер міндетті түрде болуы керек.
  • материалдар А4 форматындағы 5 толық бетке дейін қабылданады;
  • мәтіндік редактор Word 2000/2007; формат А4; қаріп Times New Roman; қаріп мөлшері 12 пт; бір интервалды; бірінші жолдан азат жол (абзац) – 1,25 см;
  • жол жиегі: жоғарғы жағы – 2 см, төменгі жағы – 2см, оң жағы– 2см, сол жағы – 3 см;
  • мақала мәтіні кіріспеден (өзектілігі), мақсат, міндеттерден, зерттеу әдістерінен, зерттеу нәтижелері мен сараптамасынан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен құралуы керек;
  • мәтінге графикалық суреттер мен кестелер қосуға болады (3-тен аспауы керек), оларға мақалада сілтемелер жасалады, мақала барысында қолдануда мынандай пішінде көрсету керек, мысалы – сурет 1, сурет 2, кесте 1;
  • төлем туралы түбіртектің сканерленген көшірмесі өтініш пен материалдың pdf, .bmp, .jpg. форматында берілуімен тіркеледі;
  • мақала атауы төмендегідей үлгіде рәсімделеді:

 

ҮЛГІ  

ЗАМАНАУИ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР….

 А.А.ИВАНОВ, 2 курс
Қазақ спорт және туризм академиясы (ҚазСТА)
Алматы қаласыҚазақстан

 

Ұсынылған мақалалар мұқият өңделген және түпнұсқасы бұрын еш жерде жарияланбаған болуы қажет.
Мақала авторы ретінде 4 адам ғана тіркеле алады.
Барлық құжаттар бір папкада немесе файлда аты-жөні толық жазылған және төмендегідей ретпен ұсынылуы керек:

  • материалдар,
  • сауалнама-өтініш формасы,

Материалдың мазмұнына автор толықтай жауапты

IX. Маңызды мәліметтер
Конференцияның өткізілу уақыты – 10-13 қазан 2019 ж.
Өтініш беру уақыты – 2019 жылдың 15 мамырына дейін.
Конференция материалдарын беру мерзімі – 2019 жылдың 15 маусымына дейін.

 

Үйлестірушілер                     Шалабаева Лаура Исмаилбековна – тел.номер 87019592918;
Сембаева Алия –тел.номер 87017522999;
Изтелеуова Кульмария Елахуновна –тел.номер 87079991502;
Тукаева Арайлым –тел. номер 87072584246.

 

Электрондық пошта                unisport.kazast@gmail.com

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close