
2026 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдық мерейтойына орай «Шоқан феномені: Ұлы Даланың зияткерлік мұрасы жаһандық кеңістікте» атты II Халықаралық Shoqan Forum өтті.
Форумға отандық және шетелдік ғалымдар – тарихшылар, этнографтар, өнертанушылар, сондай-ақ кинематографистер мен журналистер қатысты. Жиын барысында Шоқан Уәлихановтың сан қырлы ғылыми мұрасы мен Орталық Азияны тарихи, этнографиялық, географиялық және мәдени тұрғыдан зерттеуге қосқан үлесі жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар М. Бекбаева түсірген деректі фильмнен және С. Әлімнің Шоқан Уәлихановқа арналған мультфильмінен үзінділер көрсетілді.
Аталған форумға Қазақ спорт және туризм академиясы ӘГДжЦТ кафедрасының қауымдастырылған профессоры Утегалиева А.Д. мен аға оқытушы Тебегенова Э.Т. қатысты.








