
2026 жылғы 29 қазанда Қазақ спорт және туризм академиясында туберкулездің алдын алуға арналған ақпараттық-ағартушылық дәріс өтті.
Дәрісті дәрігер Ахан Хамитұлы Түкеев жүргізіп, студенттерге туберкулез ауруының ерекшеліктері, жұғу жолдары, қауіп факторлары, сондай-ақ оны диагностикалау мен алдын алудың заманауи әдістері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында уақтылы вакцинациялаудың маңыздылығына, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға және ауруды ерте анықтаудың қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар студенттердің медициналық сауаттылығын арттыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі білімін кеңейтуге ықпал етеді.











