
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 28-бабы 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жоғары оқу орындарының түлектері аудандық және ауылдық деңгейдегі «Б» корпусының басшылық лауазымдарға жатпайтын әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурстық іріктеусіз орналаса алады.
Аталған тетікті іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі eQyzmet.gov.kz порталында «Түлектерге арналған бос жұмыс орындары» атты арнайы бөлім ашты.
Бұл бөлімде түлектер қолжетімді бос жұмыс орындарымен танысып, мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктерін қарастыра алады.
Өзекті бос жұмыс орындарымен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады:
«Түлектерге арналған бос жұмыс орындары» — eQyzmet порталы







