Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code

ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ФОРУМЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

Ташкент қаласы, 2026 жылғы 27 қазан.
2026 жылғы 27–29 қазан аралығында Ташкент қаласындағы «Өзбекстан» халықаралық форумдар сарайында «Орталық Азия – білім беру, ғылым және инновацияның жаңа кеңістігі» тақырыбында Орталық Азияның халықаралық білім беру форумы өтті.
Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған ауқымды халықаралық іс-шараға 1 500-ден астам делегат қатысты. Форум жұмысына Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанның білім беру саласына жауапты министрлері, өңірдің жетекші жоғары оқу орындарының басшылары, халықаралық сарапшылар мен жаһандық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Форумның басты мақсаты – академиялық байланыстарды нығайту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және Орталық Азияда бірыңғай білім беру мен зияткерлік кеңістікті қалыптастыру.
Қазақ спорт және туризм академиясы да форум жұмысына қатысты. Академия атынан ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Кенжебекова Гүлсін Уәлиевна қатысып, білім беру ұйымдарының өкілдерімен іскерлік келіссөздер жүргізді және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған келісімдерге қол қою рәсіміне қатысты.
Форум қатысушылары жоғары білім сапасын арттыру, университетаралық байланыстарды нығайту, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, ғылыми және білім беру тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Халықаралық ынтымақтастықтың дене шынықтыру, спорт, туризм және қонақжайлылық индустриясы салаларындағы мамандарды даярлау сапасын жетілдіру үшін маңызы зор. Әріптестік байланыстарды дамыту озық білім беру тәжірибелерімен алмасуға, ғылыми өзара байланысты кеңейтуге және студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамның академиялық әрі кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді.
Форум аясында Өзбекстанның білім беру мүмкіндіктерін, жетекші жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламаларын халықаралық аудиторияға таныстыруға, сондай-ақ шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған «Study in Uzbekistan» білім беру көрмесі де өтті.
Қазақ спорт және туризм академиясының Орталық Азияның халықаралық білім беру форумына қатысуы оқу орнының халықаралық байланыстарды жүйелі түрде дамытуға, ғылыми әлеуетін нығайтуға және өңірлік әрі халықаралық деңгейде академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылысын айқындайды.

WhatsApp Image 2026-10-29 at 18.14.03

WhatsApp Image 2026-10-29 at 18.14.02 (2)

WhatsApp Image 2026-10-29 at 18.14.02 (1)

WhatsApp Image 2026-10-29 at 18.14.02

Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖