
2026 жылғы 22 қазанда Қазақ спорт және туризм академиясының акт залында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында қаржылық қауіпсіздік тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріскер – Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі Мырзахан Жақсылық Саулетханұлы.
Кездесу барысында студенттерге интернет-алаяқтық, қаржы пирамидалары, дропперлік, банк карталарын қауіпсіз пайдалану және жеке қаржылық деректерді қорғау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алу және күмәнді қаржылық ұсыныстарды ажырату жолдары талқыланды.
Дәрістің негізгі мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және қаржылық алаяқтықтан сақтану дағдыларын дамыту.
Қаржылық қауіпсіздік – өз болашағыңды қорғаудан басталады!
















