
2026 жылғы 15 қазанда Қазақ спорт және туризм академиясында (ҚазСТА) профессорлық-оқытушылар құрамына (ПОҚ), магистранттар мен докторанттарға арналған «Ғылыми зерттеулердегі жасанды интеллект жүйелерін әзірлеу» тақырыбында ашық дәріс өтті.
Дәрісті Германия Федеративтік Республикасынан келген ғалым, PhD докторы (техника ғылымдарының кандидаты) Александр Вагнер жүргізді. Ол ғылыми зерттеулердің автоматтандырылған жүйелерін, сараптамалық жүйелерді, жасанды интеллект жүйелерін, сондай-ақ автоматтандырылған ақпараттық және ақпараттық-іздестіру жүйелерін әзірлеу саласының маманы болып табылады.
Дәріс барысында спикер автоматтандыру мен цифрландырудың өзекті бағыттарын, ғылыми зерттеулер мен оларды ғылыми сүйемелдеуде, экономикада, денсаулық сақтау мен медицинада жасанды интеллект жүйелерін қолдану мүмкіндіктерін қарастырды. Сондай-ақ аталған салаларда жүзеге асырылған жобалардың практикалық тәжірибесі мен заманауи цифрлық технологияларды әртүрлі қызмет бағыттарына енгізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараға оқу жұмысы жөніндегі проректор Д.К. Нурмуханбетова, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Г.У. Кенжебекова, цифрландыру және жасанды интеллект жөніндегі проректор Б.Б. Алдыбаев, сондай-ақ ҚазСТА-ның профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары қатысты.
Ашық дәріс академия оқытушылары мен білім алушыларының үлкен қызығушылығын тудырды. Қатысушылар жасанды интеллект жүйелерін ғылыми және кәсіби қызметте әзірлеу мен қолданудың практикалық тәсілдерімен танысты.
Дәріс аяқталғаннан кейін ҚазСТА басшылығы Александр Вагнермен академия қызметін цифрландыру және жасанды интеллект жүйелерін тәжірибеге енгізу бағытындағы алдағы ынтымақтастық перспективалары бойынша келіссөздер жүргізді.
Өткізілген іс-шара ғылыми өзара іс-қимылды дамытуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және ҚазСТА-ның білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметінде жасанды интеллекттің заманауи технологияларын қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.












