
12 қыркүйек 2026 жылы Ташкент қаласында өткен кураштан Әлем чемпионатында ҚазАСТ Күрес кафедрасының FPSE24-8 тобының студенті Орымбек Көркем 70 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды!
Көркемді жүлдесімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп, Қазақстан көк туын биікте желбірете беруіне тілектеспіз!
Жеңісті жолыңыз жалғаса берсін! Жарайсың, Көркем!







