Біліммен биікке!

1 қыркүйек күні Қазақ спорт және туризм академиясында Білім күніне және жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Академия басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы, құрметті қонақтар, студенттер және олардың ата-аналары қатысты.

Іс-шара барысында Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті, профессор Қайрат Қайроллаұлы Закирьянов құттықтау сөз сөйлеп, бірінші курс студенттерін өмірлеріндегі жаңа кезеңнің басталуымен құттықтады. Ол білім алушыларға оқуда, спортта және кәсіби қалыптасу жолында толағай табыс тіледі.

Бұл күні бірінші курс студенттеріне ерекше көңіл бөлінді. Жаңа оқу жылында Қазақ спорт және туризм академиясына 1000-нан астам талапкер қабылданып, студент атанды. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының 1 еңбек сіңірген спорт шебері, 9 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 45 спорт шебері және 227 спорт шеберлігіне үміткер бар. Сонымен қатар, мектепті «Алтын белгімен» аяқтаған 5 түлек Академия студенті атанды.

Салтанатты іс-шара аясында отандық спорт, білім және ғылым салаларының дамуына үлес қосқан, көпжылдық еңбегі мен кәсіби жетістіктері арқылы ерекшеленген Академия қызметкерлері, спорт ардагерлері және сала өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.

Академия және спорт саласының бірқатар өкілдеріне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының және өзге де ұйымдардың құрметті марапаттары табысталды.

Марапаттау рәсімінің маңызды сәттерінің бірі – спорт ардагері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Фёдорович Аникинге «Қазақстан Республикасының Олимпиадалық қозғалысына еңбек сіңірген қайраткер» I дәрежелі Құрмет белгісінің табысталуы болды. Марапатты Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас директоры Нұрлан Нөгербек табыстады.

Сондай-ақ бірінші курс студенттеріне Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Сағиұлы Ибраимов және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Балғабайұлы Қыдырбаев ақ тілектерін арнап, білім алушыларға мақсаткерлік, тәртіп пен болашақ жетістіктерге деген сенім тіледі.

Іс-шара барысында бірінші курс студенттеріне Қазақ спорт және туризм академиясының тарихы, жетістіктері мен бүгінгі тыныс-тіршілігі, басқару құрылымы мен негізгі құрылымдық бөлімшелері таныстырылды. Сонымен қатар студенттердің қоғамдық, шығармашылық және әлеуметтік өмірге белсенді араласуына арналған мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді.

Мерекелік бағдарламаны шығармашылық ұжымдардың, Академия студенттері мен спортшылардың өнер көрсетуі толықтырды. Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – Ұлттық спорт түрлері кафедрасы студент-спортшыларының жаңадан ашылған «Тайбурул» Ұлттық ат спорты орталығына арналған арнайы көрсетілімдік бағдарламасы болды.

Қазақ спорт және туризм академиясы дене шынықтыру және спорт, туризм, мейрамхана ісі мен мейманхана бизнесі салалары бойынша кәсіби мамандар даярлаудағы көпжылдық дәстүрін жалғастыра отырып, жаңа оқу жылын жаңа мақсаттармен қарсы алды.

Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен мүмкіндіктердің, жаңа жетістіктердің бастауы. Барша студенттерімізге алға қойған мақсаттарына нық қадам басып, өз әлеуетін толық ашып, Қазақ спорт және туризм академиясының даңқты тарихын лайықты жалғастыруға тілектеспіз!1 қыркүйек күні Қазақ спорт және туризм академиясында Білім күніне және жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Академия басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы, құрметті қонақтар, студенттер және олардың ата-аналары қатысты.

Іс-шара барысында Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті, профессор Қайрат Қайроллаұлы Закирьянов құттықтау сөз сөйлеп, бірінші курс студенттерін өмірлеріндегі жаңа кезеңнің басталуымен құттықтады. Ол білім алушыларға оқуда, спортта және кәсіби қалыптасу жолында толағай табыс тіледі.

Бұл күні бірінші курс студенттеріне ерекше көңіл бөлінді. Жаңа оқу жылында Қазақ спорт және туризм академиясына 1000-нан астам талапкер қабылданып, студент атанды. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының 1 еңбек сіңірген спорт шебері, 9 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 45 спорт шебері және 227 спорт шеберлігіне үміткер бар. Сонымен қатар, мектепті «Алтын белгімен» аяқтаған 5 түлек Академия студенті атанды.

Салтанатты іс-шара аясында отандық спорт, білім және ғылым салаларының дамуына үлес қосқан, көпжылдық еңбегі мен кәсіби жетістіктері арқылы ерекшеленген Академия қызметкерлері, спорт ардагерлері және сала өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.

Академия және спорт саласының бірқатар өкілдеріне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының және өзге де ұйымдардың құрметті марапаттары табысталды.

Марапаттау рәсімінің маңызды сәттерінің бірі – спорт ардагері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Фёдорович Аникинге «Қазақстан Республикасының Олимпиадалық қозғалысына еңбек сіңірген қайраткер» I дәрежелі Құрмет белгісінің табысталуы болды. Марапатты Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас директоры Нұрлан Нөгербек табыстады.

Сондай-ақ бірінші курс студенттеріне Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Сағиұлы Ибраимов және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Балғабаұлы Қыдырбаев ақ тілектерін арнап, білім алушыларға мақсаткерлік, тәртіп пен болашақ жетістіктерге деген сенім тіледі.

Іс-шара барысында бірінші курс студенттеріне Қазақ спорт және туризм академиясының тарихы, жетістіктері мен бүгінгі тыныс-тіршілігі, басқару құрылымы мен негізгі құрылымдық бөлімшелері таныстырылды. Сонымен қатар студенттердің қоғамдық, шығармашылық және әлеуметтік өмірге белсенді араласуына арналған мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді.

Мерекелік бағдарламаны шығармашылық ұжымдардың, Академия студенттері мен спортшылардың өнер көрсетуі толықтырды. Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – Ұлттық спорт түрлері кафедрасы студент-спортшыларының жаңадан ашылған «Тайбурул» Ұлттық ат спорты орталығына арналған арнайы көрсетілімдік бағдарламасы болды.

Қазақ спорт және туризм академиясы дене шынықтыру және спорт, туризм, мейрамхана ісі мен мейманхана бизнесі салалары бойынша кәсіби мамандар даярлаудағы көпжылдық дәстүрін жалғастыра отырып, жаңа оқу жылын жаңа мақсаттармен қарсы алды.

Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен мүмкіндіктердің, жаңа жетістіктердің бастауы. Барша студенттерімізге алға қойған мақсаттарына нық қадам басып, өз әлеуетін толық ашып, Қазақ спорт және туризм академиясының даңқты тарихын лайықты жалғастыруға тілектеспіз!WhatsApp Image 2026-09-01 at 15.21.02

WhatsApp Image 2026-09-01 at 15.21.00

WhatsApp Image 2026-09-01 at 15.20.59

WhatsApp Image 2026-09-01 at 15.20.59 (1)

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.55

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.54

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.53

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.52

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.52 (1)

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.51

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.51 (1)

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.50

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.49

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.49 (2)

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.49 (1)

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.48

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.47

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.47 (2)

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.47 (1)

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.46

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.46 (1)

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.45

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.44

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.44 (1)

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.43

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.43 (1)

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.42

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.33.41

WhatsApp Image 2026-09-01 at 13.32.00

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма