
23–30 шілде аралығында Алматы облысы, Талғар ауданында жастар арасында тоғызқұмалақтан XXIV жеке Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Аталған республикалық чемпионатта Қазақ спорт және туризм академиясының ACD FPSE 25-1 тобының студенті Батыр Ернұр жоғары шеберлік танытып, U-21 жас санатында жүлделі орындарға ие болды:
Классика түрінен – ІІ орын;
Блиц түрінен – І орын.
Батыр Ернұрды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!






