
2026 жылдың 19–25 мамыр аралығында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚР Студенттік спорт лигасының жарыстары өтті. Аталған республикалық додаға еліміздің жоғары оқу орындарынан келген үздік студент-спортшылар қатысып, өзара бақ сынады.
Жарысқа қыздар арасында 13 команда, ұлдар арасында 10 команда қатысып, жалпы саны 90-ға жуық спортшы жиналды. Спорттық іс-шараның ұйымдастырушысы — Қазақ спорт және туризм академиясы.
Студенттік спорт лигасына төмендегі жоғары оқу орындарының командалары қатысты:
– Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ);
– Абай атындағы ҚазҰПУ;
– М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті;
– Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті;
– SDU University;
– Шәкәрім атындағы университет;
– Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті;
– Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
– Қазақ спорт және туризм академиясы;
– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
– Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті;
– М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті;
– Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
– Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
Аталған жарыс студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, ұлттық спорт түрлерін дамытуға және жоғары оқу орындары арасындағы спорттық байланысты нығайтуға бағытталды.












