
Жарысқа 10 жоғары оқу орнының ерлер және әйелдер командалары қатысты: Satbayev University, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Suleyman Demirel University, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы технологиялық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы және Қазақ спорт және туризм академиясы.
Ерлер арасында:
1 орын – Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
2 орын – Satbayev University
3 орын – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
4 орын – Қазақ спорт және туризм академиясы
5 орын – Suleyman Demirel University
6 орын – Алматы технологиялық университеті
7 орын – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
8 орын – Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы
9 орын – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Әйелдер арасында:
1 орын – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
2 орын – Қазақ спорт және туризм академиясы
3 орын – Suleyman Demirel University
4 орын – Satbayev University
5 орын – Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
6 орын – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
7 орын – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
8 орын – Алматы технологиялық университеті
9 орын – Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы
Жарыстың бас төрешісі – Копжанов Ғалымжан Балықбайұлы
Бас хатшы – Хуатқызы Меруерт
Бұл жарыс ұлттық зияткерлік ойын – Тоғызқұмалақ ойынын студент жастар арасында кеңінен насихаттауға, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосты.
Жеңімпаздар, жүлдегерлер және финалдық ойынға жолдама алған командаларға кубок, медаль, диплом және сертификаттар табысталды.

























