
2026 жылдың 20 ақпанында Қазақ спорт және туризм академиясы базасында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Хаустов Станислав Ивановичтің 85 жылдығына арналған «Білім беру, дене шынықтыру, спорт және туризмдегі инновациялар» атты VIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға Қазақстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан жоғары оқу орындары мен жалпы білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылары қатысты.
Пленарлық отырыста Қазақ спорт және туризм академиясы президенті Закирьянов Қайрат Қайруллинович құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар конференция қатысушылары профессор Андрущишин Иосиф Францевич, Халықаралық ақпараттандыру академиясы атқарушы директоры Стеблякова Асия Алиевна, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті профессоры Абдыкадырова Дина Рахимовна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Усина Жанар Амангельдиновна құттықтады.
Профессор Хаустов Станислав Ивановичтің мерейтойына орай құттықтау сөзді бейнеформатта ауыр атлетикадан бірнеше дүркін әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин жолдады.
Конференция жұмысы келесі бағыттар (секциялар) бойынша ұйымдастырылды:
1. Дене шынықтыру, спорт, туризм және білім берудегі кәсіби дайындықтың өзекті мәселелері.
2. Дене шынықтыру, спорт, туризм және білім берудің психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік мәселелері.
3. Спорттағы жоғары жетістіктерге дайындықтың мәселелері мен перспективалық бағыттары.
4. Спорт, туризм және қонақжайлылық индустриясының менеджменті.
5. Сауықтыру және бейімдік дене шынықтыруды дамыту перспективалары.
Баяндамашылар өз зерттеулерінің негізгі нәтижелерін ұсынып, өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады. Кездесу барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, спорт пен туризм саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, саланың одан әрі даму бағыттарын айқындады.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.










