НВС кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы

ғ ДӘУКЕЙ ДАНИЯР – Қазақ ұлттық спорт түрлері кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушыБакалавр BA of Business AdministrationМагистр Master of Business AdministrationWebster University (Лондон қ., Ұлыбритания) магистратура түлегі.

Ұлттық спорт түрлерін, соның ішінде көкпарды кеңінен насихаттаушы. Ұлттық спортты заманауи білім беру, жобалық басқару және халықаралық тәжірибемен ұштастыра отырып дамыту бағытында белсенді жұмыс атқарады.

Ғылыми-зерттеу бағыты – ұлттық спорт түрлерін дамыту, спорттық жобаларды басқару, спорттағы менеджмент және ұйымдастыру мәселелері, көкпарды урбанизацияланған ортада ілгерілету.Жастар көкпар лигасы «ЖКЛ» 2017 жылы студент жастар арасында ұлттық спорт түрі – көкпарды насихаттау және дамыту мақсатында құрылған.

Лиганың негізгі қызметі жастарды ұлттық спортқа жүйелі түрде тарту, жарыстар ұйымдастыру және спорттық шеберлікті арттыруға бағытталған.

2018 жылы құрылған «Дәукей» көкпар клубы ұлттық спорт түрлерін дамытуға арналған оқу-жаттығу базасы болып табылады. Клуб көкпаршыларды даярлау, олардың кәсіби деңгейін жетілдіру және ұлттық спорт дәстүрлерін сақтау бағытында қызмет атқарады.

2023 жылы құрылған Республикалық Ұлттық Федерация – Жастар көкпар лигасының аймақтық құрылымдарын біріктіретін республикалық деңгейдегі ұйым болып табылады. Федерацияның Қазақстан Республикасының 12 өңірінде филиалдары жұмыс істейді.

Аталған қоғамдық бірлестік шағын көкпар (3×3 форматы) жарыстарын ұйымдастырумен, оны дамыту және кеңінен насихаттаумен айналысады.

Ұлттық спортты дамытуға арналған жобалар мен бастамалардың авторы. Халықаралық білім беру ортасында алған тәжірибесін оқу үдерісіне және спорт саласына енгізіп келеді.

Email: daniyar@daukey.kz

 ф КОНАЕВ ТАЛГАТ АДИЛЬХАНОВИЧ –  педагогика ғылымдарының магистрі, кафедраның аға оқытушысы, Қазақ күресінен ҚР спорт шебері. ҚазСТА түлегі, кафедрада 2005 жылдан бастап жұмыс істейді.

Ғылыми зерттеу бағыты  – Қазақ күресімен айналысатын спортшылардың жылдамдық қабілетін арттыру жолдары. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік сипаттағы 15-тен астам жұмыс, соның ішінде Scopus деректер базасына кіретін халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланған жарияланымдар.

Оқытатын пәндері: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі; Таңдаған спорт түрін оқыту әдістемесі( ұлттық спорт түрлері); Ұлттық спорт және күрес түрлері.

Байланыс: 8-707 8511874 tkonev444@ mail.ru

 ғә КОПЖАНОВ ҒАЛЫМЖАН БАЛЫКБАЙҰЛЫ –педагогика ғылымдарының магистрі, докторант. Қазақ ұлттық спорт түрлері  және ДМжСТӘ кафедрасының аға оқытушысы.

Білімі: Абылайхан ат. ҚазХҚжӘТУ,  ЖГТУ және Абай ат. ҚазҰПУ түлегі. ДМжСТӘ кафедрасында 2018 жылдан бастап, ҰСТжК кафедрасында 2021 жылдан бастап жұмыс істейді. 2026 жылдың 3 қаңтарынан бастап Қазақ ұлттық спорт түрлері кафедра меңгерушісінің орынбасары.

Ғылыми зерттеулер саласы – бейімдік дене шынықтыру және спорт, Ұлттық спорт түрлері саласында. Тоғызқұмалақ бойынша мамандар даярлауды жетілдіру. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік сипаттағы 20-дан астам жұмыс жарияланды.

Оқытатын пәндері: Ұлттық спорт түрлері  және күрес, Зияткерлік ойындардың теориясы мен практикасы,  Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі, Таңдаған спорт түрін оқыту әдістемесі, Таңдаған спорт түрінің дене дайындығы, Таңдаған спорт түрінің дене дайындығы, Бейімдік дене шынықтыру және спорт; Бейімдік дене шынықтыру мен спорттың теориясы мен әдістемесі.

Байланыс: 87474174660, galymzhankopzhanov@gmail.com

 фыв Насиев Елдар Кадырбекович

Педагогика ғылымдарының магистрі, қазақ күресінен ҚР спорт шебері, кафедраның аға оқытушысы, ҚазСТА түлегі, кафедрада 2022 жылдан бастап жұмыс істейді.

Ғылыми зерттеулер саласы – денешынықтыру және спорт саласында. Қазақ күресі бойынша мамандар даярлауды жетілдіру.

Оқытылатын пәндер: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі (казак курес), Таңдаған спорт түрін оқыту әдістері, Таңдаған спорт түрінің дене дайындығы,  Таңдаған спорт түріндегі кәсіптік  жаттықтырушылық қызметі  (казак курес), Таңдаған спорт түріндегі жаттығу үдірісін басқару, Таңдаған спорт түрінің оқыту әдістемесі (казак курес).

 

Байланыс:eldar—1990@mail.ru , +77014507209

 ло Рысов Асхат Айтпанбетұлы –  дене мәдениетінің оқытушысы спорт жаттықтырушы мамандығын Қазақ спорт және туризм академиясында (ҚазАСТ) тәмамдаған. Қазақ күресі мен самбо күресінен спорт шеберіне үміткер. Ұлттық ат спорт түрлері (көкпар, аударыспақ, теңге ілу) бойынша маманданған.

2025 жылдан бастап Қазақ спорт және туризм академиясында  оқытушы жаттықтырушы. Алматы қаласының Ұлттық ат спорт клубында ұлттық ат спорт түрлерінен аға жаттықтырушы қызметін атқарған (2024). Бұған дейін CДЮШОР №1-де 2020–2024 жылдары, ал ДЮСШ №19-да 2017–2020 жылдар аралығында ұлттық ат спорт түрлерінен аға жаттықтырушы болып еңбек еткен.

Ұлттық ат спорт түрлерінен біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы және бірінші санатты төреші. Еңбегі үшін 2024 жылы ҚР «Теңге ілу» федерациясының Алғыс хатымен, ҚР «Аударыспақ» федерациясының «Үздік төреші» марапатымен марапатталған. 2021 жылы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Президентінің Алғыс хатын алған. ҚР Туризм және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісінің иегері.

Ғылыми зерттеулер саласы Ұлттық спорт түрлері көкпар, аударыспақ теңге ілу саласында.

Оқытатын пәндері: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі, Таңдаған спорт түрінің дене дайындығы, Таңдаған спорт түріндегі дайындықтың жас ерекшеліктері, Таңдаған спорт түрінің оқыту әдістемесі, Тандаған спорт түрінің техникалық-тактикалық дайындығы, Таңдаған спорт түрінің спорттық-педагогикалық шеберлігі

Байланыс: ashatrysov@gmail.com, 87473336574

 k Сайдулин Ануар Аниятұлы – педагог-тренер, дене шынықтыру және спорт саласының маманы.

Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Қазақ спорт және туризм академиясының түлегі, дене шынықтыру пәнінің педагог-тренері.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің дене тәрбиесі кафедрасында,
Алматы қаласының №15 ЖСҚМ-де қазақ күресінен жаттықтырушы,
сондай-ақ 2014-2018 жылдар аралығында Қазақ спорт және туризм академиясында ұлттық спорт түрлері кафедрасында оқытушы қызметтерін атқарған. 2026 жылдың 2 ақпанынан бастап ҚазСТА, Қазақ ұлттық спорт түрлері кафедрасының оқытушысы қызметін атқарады.

Ғылыми зерттеулер саласы Ұлттық спорт түрлері қазақ күресі саласында.

Оқытатын пәндері: Ұлттық спорт түрлері  және күрес, Таңдаған спорт түрін оқыту әдістемесі.

 

Байланыс: 8 747 715 3667, anuarsaidulin@gmail.com

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма