УралМДФК-ға 55 жыл: жас зерттеушілер конференциясы «Спорт әлемі: жастар көзқарасы»

2025 жылғы 11–12 желтоқсанда Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері УралМДФК-ның 55 жылдығына арналған халықаралық қатысумен өткен «Спорт әлемі: жастар көзқарасы» атты Бүкілресейлік студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Орал мемлекеттік дене шынықтыру университеті (Челябинск қаласы, РФ).

Конференцияның мақсаты – дарынды жастарды анықтау, дене шынықтыру және спорт, рекреация және спорттық-сауықтыру туризмі салаларындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылық қалыптастыру; ғылыми зерттеу әдістеріне үйрету, нәтижелер мен тәжірибе алмасу, шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.

Олимпиадалық спорт факультетінің студенттері Б. Жалғасбек пен М. Рүстем ғылыми жетекші, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Минбаева С.М.-ның жетекшілігімен «Қазіргі заманғы жастар өміріндегі спорттың рөлі» тақырыбында баяндама ұсынды.6055ff2b-abb9-4e96-9da3-b58d079c602d

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма