
2025 жылдың 3 желтоқсанында онлайн форматта «Ғылыми-баспа қызметіндегі жасанды интеллект» атты вебинар өтті. Вебинар барысында ғылыми жарияланымдар үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалану мәселелері қарастырылды.
Спикер ретінде «Ғылыми жарияланымдар» ЖШС-нің эксперті Зуева Анастасия сөз сөйледі. Іс-шарада келесі мәселелер талқыланды:
– Мақаланы жазудың барлық кезеңінде жасанды интеллектті қалай қолдану;
– ChatGPT және оған ұқсас құралдар үшін тамаша сұраныстар (промпттар) қалай жасау;
– Ғылыми қызметті жеңілдетуге көмектесетін қандай тегін ЖИ-сервистер бар.
Вебинар соңында эксперт қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара жұмыс атмосферасында өтті, оқытушылар мен қызметкерлер вебинарға белсенді қатысты. Қатысушылар оқу курсын тыңдағаны үшін вебинар ұйымдастырушысының сертификаттарына ие болады.










Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма