
2025 жылғы 26 қарашада қазақтың күй өнерінің көрнекті өкілі, домбырашы, күйші әрі композитор Шәміл Әбілтаймен рухани мәні терең кездесу өтті.
Кездесу барысында Шәміл Әбілтай шығармашылық жолынан сыр шертіп, қазақ күйлерінің тарихы мен рухани маңызын түсіндірді. Жастарға өнерге адалдық, ұлттық мұраға құрмет және шығармашылыққа деген махаббат жөнінде құнды кеңестер берілді.
Шараның құрметті қонақтары ретінде “Ақиқат” журналының бас редакторы Дәуіржан Төлебаев және Шәміл ағамыздың шәкірті, күйші Нұрлан Түменбаев қатысты. Дәуіржан Төлебаев ұлттық мәдениет пен руханият туралы өз ойларын ортаға салса, Нұрлан Түменбаев ұстаздық мектептің маңызын атап өтті.
Қатысушылар шынайы алғыстарын білдіріп, кездесудің рухани тереңдігі мен өнерге деген сүйіспеншілікті арттырғанын ерекше атап өтті. Ұлттық өнер мен жас буын арасындағы байланыс нығайған бұл басқосу қатысушыларға ұзаққа есте қаларлық әсер қалдырды.














Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма