«Жас ғылымды дамыту стратегиясы: мәселелерден шешімдерге» атты Жас ғалымдар кеңесінің дөңгелек үстелі

2025 жылдың 28 қарашасында ҚБТУ базасында «Жас ғылымды дамыту стратегиясы: мәселелерден шешімдерге» атты Жас ғалымдар кеңесінің (ЖҒК) дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға Қазақ спорт және туризм академиясының ЖҒК төрағасы Тазабек Еркебұлан қатысып, талқылауларға белсенді түрде атсалысты.
Дөңгелек үстел жас зерттеушілер арасында ашық диалог орнатуға арналған маңызды коммуникациялық алаңға айналды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, ҒЗИ мен жоғары оқу орындарындағы жас ғалымдар кездесетін өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ еліміздің ғылыми экожүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.
Талқылаудың негізгі өзегін қаржыландыру, инфрақұрылымды дамыту, бюрократиялық кедергілерді азайту, жас ғалымдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және мансаптық өсуге жағдай жасау бағыттары құрады. Сонымен қатар, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту мақсатында жас ғалымдардың үздік жобалары өндірістік кәсіпорындар өкілдеріне ұсынылған питч-сессия өтті.
Іс-шара қорытындысында Ғылым комитетіне арналған ұсыныстар пакеті әзірленіп, ГҚ гранттарына өтінім беру бойынша мастер-класс ұйымдастырылды. Сондай-ақ ЖҒК-ның кеңейтілген отырысы өтіп, «ҚР Үздік ЖҒК» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Бұл дөңгелек үстел жас ғалымдардың күшін біріктіріп, еліміздегі жас ғылымды дамытудың бірыңғай күн тәртібін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.
WhatsApp Image 2025-11-28 at 13.35.37

WhatsApp Image 2025-11-28 at 13.35.37 (2)

WhatsApp Image 2025-11-28 at 13.35.37 (1)

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма