
Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі Қазақ спорт және туризм академиясының оқытушылары мен ғалымдарын вебинарға шақырады:
«ҒЫЛЫМИ-БАСЫЛЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ».
Вебинарды «Ғылыми жарияланымдар» компаниясы ұйымдастырады.
Бұл іс-шарада зерттеу жұмысының сапалы нәтижесін алу үшін ғылыми қызметтің әртүрлі кезеңдерінде жасанды интеллект құралдарын интеграциялау бойынша кеңестер беріледі.
Вебинар магистратура мен докторантурада оқитын білім алушылар, оқытушылар мен қызметкерлерге және басылымдармен айналысатын және олардың сапасын жетілдіргісі келетіндерге арналған.
Сапаны жақсарту және жарияланымдар санын көбейту бойынша құнды ұсыныстар алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
Өтетін күні: 2025 жылдың 3 желтоқсан
Өтетін уақыты: 15:00
Семинар онлайн форматта өтеді.
Сілтемені басу арқылы вебинарға тіркелуге болады:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSciF3OdGExlfvLl-STvyaV6fPNHfL5hrJXzsr5NL_Ye-Dbq1Q/viewform







Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма