
2025 жылғы 22 қазан күні Қазақ спорт және туризм академиясында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен және «Ұлттық диктант» жобасы аясында дәстүрлі Ұлттық диктант өткізілді. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілде сауатты жазу мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау. Диктантқа академияның барлық факультеттерінен оқытушылары мен студенттері қатысып, өз білімдерін сынады. Іс-шара қазақ, орыс және шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. Диктант мәтінін кафедраның аға оқытушылары Акылбаева Т.Ж. және Бердиллаева М.Б. оқыды. Бұл бастама қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтіп, жастардың ана тіліне деген құрметін арттыруға бағытталған.














Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма