«Жасанды интеллект – жастардың жарқын болашағы»

Қазақ спорт және туризм академиясы, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессор м.а., т.ғ.к. А.Ө. Раджапов және т.ғ.к. К.Н. Жанғанатованың ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект – жастардың жарқын болашағы» деген тақырыпта арнайы дәріс өтті. Дәрістің мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте жариялаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оларды түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған мәселелерді жастарға түсіндіру.
Президент Жолдауы – ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды құжат.
Дәрісте оның негізгі бағыттары:
• экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету,
• әлеуметтік әділетті қоғам құру,
• білім мен ғылымды жаңа деңгейге көтеру,
• жасанды интеллектті барлық салаға енгізу,
• қоғамдық қауіпсіздік пен этика мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Жолдаудағы басты ойдың бірі – жасанды интеллектті тиімді пайдалану арқылы Қазақстанды жаңа технологиялық дәуірге жетелеу. Бұл ретте жастардың жаңашыл ойы мен білімге деген құштарлығы ерекше аталды.
Студенттер дәріс барысында белсенділік танытып, білім беру саласында жасанды интеллекттің рөлі, жұмыс нарығындағы өзгерістер мен цифрлық қауіпсіздік жайында пікір білдірді. Мұндай ашық пікірталас олардың саяси сауаттылығы мен сыни ойлау қабілетінің артуына ықпал етті.
Бұл дәріс жастардың ел дамуына бейжай қарамай, өз болашағын мемлекет мүддесімен байланыстыратынын көрсетті. Президент Жолдауы студенттер үшін ресми құжат қана емес, болашаққа жол сілтейтін бағдар ретінде қабылданды.
Ойымызды түйіндей келе, дәріс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, жаңа көзқарасқа жетеледі. Алдағы уақытта мұндай кездесулер жалғасып, студенттердің ел дамуына белсенді үлес қосуына мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2025-10-15 at 13.48.50

WhatsApp Image 2025-10-15 at 13.48.49 (1)

WhatsApp Image 2025-10-15 at 13.48.49 (2)

WhatsApp Image 2025-10-15 at 13.48.49

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма