
Қазақ спорт және туризм академиясының бірінші және екінші курс студенттері үшін «Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессор м.а., т.ғ.к. Раджапов А.Ө. және т.ғ.к., аға оқытушы Жанғанатова Қ.Н. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – тарих пәнінен алған теориялық білімді мұражай жәдігерлері арқылы нақты тарихи деректермен ұштастыру, болашақ мамандарға ұлттық мұраның құндылығын тереңірек таныту болды.
Сабақ барысында студенттер Қазақстанның ежелгі дәуірінен бастап қазіргі заманға дейінгі тарихи кезеңдеріне қатысты мол мағлұмат алды.
Археологиялық жәдігерлер, этнографиялық бұйымдар, қолжазбалар мен фотосуреттер арқылы халқымыздың бай мәдениеті мен тәуелсіздік жолындағы күресі кеңінен түсіндірілді. Әсіресе, Қазақстанның жаңа тарихына қатысты құнды деректер жастардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Практикалық сабақ студенттердің тарихи сана-сезімін қалыптастыруға, ғылыми ойлау қабілетін жетілдіруге және өз еліне деген патриоттық сезімін күшейтуге ықпал етті. Мұндай сабақтар жастардың тек оқулық бетінен ғана емес, тарихи мұрамен тікелей танысып, оны сезіне отырып білім алуына жол ашады.
Қазақ спорт және туризм академиямыз алдағы уақытта да студенттердің кәсіби дамуына, ұлттық тарихымызды терең меңгеруіне бағытталған осындай танымдық шараларды жалғастыра бермек.











Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма