Қазақ спорт және туризм академиясында дәстүрге айналған кездесу

Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті Закирьянов Қайрат Қайроллаұлымен 1-курс студенттерінің жылы жүздесуі өтті. Бұл дәстүрлі кездесу жыл сайын студенттерге рухани серпіліс пен жаңа мотивация сыйлайды.

Кездесу еркін форматта өтіп, студенттермен ашық әңгіме өрбіді. Академия Президенті алдымен өзін таныстырып, оқу ордасының қалыптасу тарихы мен даму жолынан сыр шертті. Ол жастарға тағылымға толы өмірлік кеңестер беріп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Әңгіме барысында көптеген мотивациялық ойлар айтылып, жастарға алдағы мақсаттарын айқындауға шабыт берді.

Кездесу студенттерге ерекше әсер қалдырды. Олар өз пікірлерімен бөлісіп, мұндай форматтағы жүздесулердің жалғаса беруін тіледі.
DSC01019

DSC01011

DSC01010

DSC01005

DSC00992

DSC01020

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма